» » Асанәлі Әшімов жаңа жобада басты рольде ойнайды

Асанәлі Әшімов жаңа жобада басты рольде ойнайды

Асанали Ашимов сыграет главную роль в новом проектеШ.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» (шартты атауы) атты  жаңа толықметражды көркем фильмінің өндірісі басталды. Фильмнің режиссері − «Сіз кімсіз, Ка мырза?» (2010 ж.) фильмімен танымал Қуат Ахметов. Фильмде басты рөлді биыл мамыр айында 80 жасқа келетін КСРО және Қазақстан Халық артисі Асанәлі Әшімов сомдайды, - деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі.
 - Идея авторы Асанәлі Әшімов. Ол 2014 жылы маған елден шалғай тұратын жалғыз басты қарт туралы фильм түсіруді ұсынды. Асанәлі ағаның ойы бойынша қария – дала философы, түрлі ғылымға қызығатын адам,  - деді фильмнің режиссері Қуат Ахметов.
Қазіргі таңда картина дайындық кезеңінде: актерлер таңдау, реквизиттер дайындау және декорация тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр. Түсірілім жұмыстары үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларына жоспарланған. Сценарийін Хуат Ахметов пен ресейлік кинодраматург Одельша Агишев түркі халықтарының аңыз-әңгімелері негізінде жазған. Осы орайда Асанәлі Әшімов жобаға қатысты өз ойын айтты:
-  Бұл жобаны іске асыру туралы ұсыныс айтқалы бері түрлі жанрдағы талай сценарий жазылды. Алайда ол сценарийлерде менің көрермендерге айтар ойым дұрыс жеткізілмеген болатын. Сондықтан да Қуат екеуміз драматургты көп іздедік. Ақыры драматург табылып, бұл мәселе оң шешімін тапты. Қазір түсірілім жұмыстарын асыға күтіп отырмыз. 
 Фильм жайлы: Ағатай есімді қарттың ешкімі жоқ. Сүйген жары қайтыс болған. Араларында балалары болмаған. Ағайын-туысқандары да қалмаған. Фильмге өз ортасынан безіп, далаға барып тұруды көздеген қарт кісінің өмірі арқау болған. Әйтсе де данагөй, пәлсапашының жолында балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек бала кезігіп, оның бастапқы жоспарын бұзып кетеді. 
Категория: Өнер
Просмотров: 11995
Похожие новости:
«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі

«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Аманат» және «Құнанбай»  фильмдері  2017 жылдың қаңтар айының 12 мен 29 аралығында  Софияда (Болгария) өтетін 9-шы Халықаралық MENAR кинофестивалінің «Фокус» бағдарламасы аясында...
Жомарт Сүлейменов музыкалық комедиядағы басты рөлге кастинг жариялады

Жомарт Сүлейменов музыкалық комедиядағы басты рөлге кастинг жариялады

Жомарт Сүлейменов музыкалық комедиядағы басты рөлге кастинг жариялады...
​Баян Мақсатқызы түсіретін «Қазақ аруында» басты рөлді 16 жастағы студент сомдайды

​Баян Мақсатқызы түсіретін «Қазақ аруында» басты рөлді 16 жастағы студент сомдайды

​Баян Мақсатқызы түсіретін «Қазақ аруында» басты рөлді 16 жастағы студент сомдайды...
Айсұлу Әзімбаева Ақан Сатаевтың жаңа картинасында басты рөлде ойнайды

Айсұлу Әзімбаева Ақан Сатаевтың жаңа картинасында басты рөлде ойнайды

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев "Она" атты жаңа фильмінің жұмысын бастап кетті
...
«Қазақ елі» атты тұңғыш тарихи толықметражды анимациялық фильм көрермендерге ұсынылды

«Қазақ елі» атты тұңғыш тарихи толықметражды анимациялық фильм көрермендерге ұсынылды

Астана қаласында Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» атты қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш тарихи толықметражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. Туындыны алғашқы көрермендері ретінде Астана қаласының...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары