» » Бүгін ҚР Халық әртісі Нүкетай Мышбаева 80 жасқа толды

Бүгін ҚР Халық әртісі Нүкетай Мышбаева 80 жасқа толды

Бүгін ҚР Халық әртісі Нүкетай Мышбаева 80 жасқа толды80 жыл бұрын (1936) М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы МЫШБАЕВА Нүкетай дүниеге келді.
Актриса, әнші (меццо-сопрано), Қазақстанның халық әртісі (1991). 1959 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік консерваториясы) актерлік факультетін бітірген.
1960 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы. 
Айсұлу (Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов, «Беу, қыздар-ай» ), Айбала (Ә.Тәжібаев, «Той боларда» ), Марфуға ( Қ.Мұхамеджанов, «Құдағи келіпті»), т.б. рөлдерді орындап, өнер жолын комедиялық бейнелерді жасаудан бастаған жас актриса Әлиман (Ш.Айтматов, «Ана-Жер ана»), Майра (Ә.Тәжібаев, «Майра» ) рөлдерін орындап, өзінің шеберлігін драмалық, трагедиялық рөлдерде көрсете білді. 
Әншілік қасиеттерімен көпшілікке танылды. Ақбала (Ә.Нұрпейісов, «Қан мен тер»), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, «Алдар көсе»), Жүзтайлақ, Қарлығаш, Ақбала (М.Әуезов, «Түнгі сарын», «Абай», «Қаракөз»), Бекей (Айтматов, «Ақ кеме» ), Ғалия (Т.Ахтанов, «Күтпеген кездесу» ), Ажар ( С.Жүнісов, «Ажар мен ажал»), «Хатшы әйел», Ұрқия (А.Сүлейменов, «"Төрт тақта - жайнамаз», «Қыздай жесір - штат қысқарту»), т.б. рөлдері Нүкетай Мышбаеваның ғана емес, қазақ ұлттық сахна өнерінің өсіп-ілгерілеу жолындағы елеулі кезеңдері. 
1976 жылдан киноға түскен, көп бөлімді «Қымызхана» телеспектаклінде Теңгетай рөлін, сондай-ақ халық әндері мен осы заман композиторлары әндерінің орындаушысы ретінде танымал.
«Парасат» орденімен марапатталған.
 Дереккөз: ҚазАқпарат
Просмотров: 8162
Похожие новости:
Әли Оқапов Батырхан Шүкеновпен бір кездері бастаған ортақ жұмысы туралы айтты

Әли Оқапов Батырхан Шүкеновпен бір кездері бастаған ортақ жұмысы туралы айтты

Елімізге әйгілі әнші Әли Оқапов инстаграмдағы парақшасында тыңдармандарына жаңа бейнебаян әзірлеп жатқандығы туралы жазды.    ...
Қарлығаш Мұхамеджанова "Келинка Сабина" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдамақ

Қарлығаш Мұхамеджанова "Келинка Сабина" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдамақ

Қарлығаш Мұхамеджанова "Келинка Сабина" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдамақ...
Қытайдан керуен келді күмбірлетіп … (фото)

Қытайдан керуен келді күмбірлетіп … (фото)

Қытайдан керуен келді күмбірлетіп … (фото)...
2015 жылы халықаралық аренада жарқын өнер көрсеткен қазақстандық әртістер

2015 жылы халықаралық аренада жарқын өнер көрсеткен қазақстандық әртістер

2015 жылы халықаралық аренада жарқын өнер көрсеткен қазақстандық әртістер...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары