» » «Қазақ елі» атты тұңғыш тарихи толықметражды анимациялық фильм көрермендерге ұсынылды

«Қазақ елі» атты тұңғыш тарихи толықметражды анимациялық фильм көрермендерге ұсынылды

«Қазақ елі» атты тұңғыш тарихи толықметражды анимациялық фильм көрермендерге ұсынылдыАстана қаласында Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» атты қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш тарихи толықметражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. Туындыны алғашқы көрермендері ретінде Астана қаласының балалар үйі мен аз қамтылған отбасылардың балалары тамашалады, - деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз  қызметі.
Қазақстандық жастарға патриоттық тәрбие беру мен олардың азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету қазіргі таңда аса актуальді мәнге ие.  Өз Отаныңды қастерлеу және оған деген кіршіксіз, адал сезім жеке адамның әлеуметтік, рухани, имани және физикалық тұрғыда да дамуына үлкен серпін береді. 
Осы мақсаттарда «САҚ-дала» киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша алғашқы тарихи толықметражды анимациялық фильм түсірді.
Өзінің маңыздылығы жағынан айрықша «Қазақ елі» анимациялық фильмі болашақ хандар  Жәнібек пен Керейдің  балалық шағы мен есею жылдары туралы баяндайды. Картинада бас кейіпкерлердің шайқастың айла-тәсілдерін,  ғылымды  қалай меңгергендері және   бостандық пен тәуелсіздік үшін күрес жолында қазақ елінің басын қалай біріктіргендігі жайлы  әңгімеленеді. Мультфильмнің кадрларында –  шетсіз-шексіз қазақ даласы,  заңғар таулар және Сығанақ, Отырар, Тараз  және Түркістан секілді  ежелгі қалалар бейнеленген.
Жобаға танымал отандық ғалымдар мен жазушылар ат салысқандықтан, фильм тарихи фактілермен өріліп, балаларға түсінікті тілде жеңіл әрі қызықты оқиғалар арқылы қамтылып көрсетіледі. Анимациялық фильмнің бас кеңесшісі Арыстанбек Мұхамедиұлы, тарих ғалымдарының докторы, профессор-Жамбыл Артықбай және жазушы, кинодраматург Дулат Исабеков.  Бас кейіпкерлерді Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық  балалар және жасөспірімдер театрының,  сондай-ақ,  Ж. Шанин атындағы Оңтүстік-Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері дыбыстады. Фильмнің саундтректерін  Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев сынды басқа да танымал қазақстандық әншілер орындады. 
Режиссері – Батырхан Дәуренбеков, сценаристі – Сағаділдә Үсіпбәлиев, Бақытжан Құлжабай, композиторы – Руслан Шынықұлов, қоюшы суретшісі – Азамат Ерназаров, бас продюссері – Сәбит Әбдіқалықов, директоры – Нуриддин Паттеев.
Картинаның жасалуында 2-D және 3D-технологиялар пайдаланылған. Бұл фильм барысындағы қазақ жерінің әсем табиғатын, сол замандағы Жібек Жолы бойында орналасқан Сауран, Отырар, Сығанақ сияқты ірі қалалар, зәулім хан сарайларының көркемдігін көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, кішкентай көрермендеріміз елордамыз Астананың бүгінгі көз сүйсіндірер көркін де тамашалай алады. Фильм көркем туынды болғандықтан тарихи фактілерге сүйене отырып балаларға түсінікті тілде жеңіл әрі қызықты оқиғалар арқылы қамтылып көрсетіледі. 3D-анимация мен қазақ фольклорының үйлесуі жобаның бірегейлігімен ерекшеленеді. Жобаға 60-тан аса адам жұмылдырылды. Туындының бас продюсері Сәбит Әбдіқалықовтің пікірінше, қазақстандық әртістер тарихи тұлғаларға тән бейнені дүниеге әкелу үшін аянбай еңбек еткен. 
Фильм туралы:  Дешті Қыпшақтың ұлы даласына  қауіп төнеді. Әбілқайыр хан қауесет сөздің жетегіне еріп, Керей мен Жәнібек сұлтандарды өзінің басты  қарсыласы,  хан тағына таласқан бақталас ретінде көреді. Алайда қарт баһадүрден тәлім алған, шайқастың айла-тәсілін  меңгерген сұлтандар қауіп - қатерді еңсеруді үйренеді. Шешуші  ұрыста Керей мен Жәнібек жауларын жеңіп, артынан нөпір халықты ертіп қазақ хандығының негізін салады.
«Қазақ елі»  атты тұңғыш тарихи анимациялық фильмі жалпыұлттық прокатқа 19 мамырдан бастап шығады. Еліміздің барлық кинотеатрларынан көріңіздер!
 

Просмотров: 8125
Похожие новости:
Қазақ тойларының сәнін келтіріп жүрген хит әндер

Қазақ тойларының сәнін келтіріп жүрген хит әндер

Тіпті той дегенде еске сап ете түсетін әншілер мен қазақтың хит әндерінің тізімі жасақталып қалды...
Тарихи жәдігерлер тағылымы

Тарихи жәдігерлер тағылымы

Тарихи жәдігерлер тағылымы...
Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр

Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр

Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр...
«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады

«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады

«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады ...
Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)

Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)

Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары