» » Жол апатынан қазақтың ақын қызы қаза тапты

Жол апатынан қазақтың ақын қызы қаза тапты

Жол апатынан қазақтың ақын қызы қаза таптыАСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз-Павлодар тас жолының бойында 41 жастағы адам жүргізіп келе жатқан Lada Priora маркалы көлік рульде 31 жастағы жігіт отырған Shacman маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Апатта төрт адам қаза тауып, тағы бірі жарақат алған, деп хабарлайдыҚазАқпарат.
Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің ақпаратына сүйенсек, жол апаты облыстағы Төртқұдық елді мекенінің маңында орын алған. Соққының қатты болғаны соншалық, Lada Priora көлігінің ішіндегі үш адам оқиға орнында тіл тартпастан қаза тапқан. Ал, сол көлікте отырған 30 жастағы жолаушы әйел мен 41 жастағы азаматты жедел жәрдем шұғыл түрде ауруханаға әкеткен. Алайда, ауруханаға жете сала 30 жастағы әйел де қаза табады.  Ең өкініштісі, осы жол апаты қазақтың жас ақын қызы, әнші, сазгер- Алмагүл Жүгінісованың да өмірін қиып кетті.  Ақындар мен әншілер, өңірдің мәдени қайраткерлері, марқұмның дос-жарандары мен шәкірттері әлеуметтік желіде Алмагүл Жүгінісованы еске алып, қайғыруда. Алмагүл Жүгінісова 1982 жылы Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Аралтоғай ауылында туған. Екібастұз қаласындағы №25 қазақ қыздар гимназиясын (1999 ж.), С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мамандығы бойынша бітірген (2004 ж.). Екібастұз қаласындағы «Атамұра» мәдениет орталығында 2005 жылдан бері көркемдік жетекші болып қызмет істеді. «Жас толқын» жас ақындар клубының жетекшісі, тәлімгер ұстаз ретінде шығармашыл жастарды өнерге баулып, тәрбиелеуге зор еңбек сіңірді. Ақынның «Алма гүлдегенде» жыр жинағы жарық көрген (2015 ж.). Алмагүл Бауыржанқызы - Халықаралық, республикалық, облыстық айтыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы, жүлдегері, Павлодар облысы әкімінің гранты (2010 ж.), «Жігер» жастар сыйлығы (2010 ж.), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалы (2011 ж.), Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамотасы (2013), Түркітілдес халықтардың дүниежүзілік ІІ фестивалі /Түркия, Ерзурум/ (2009 ж.), Түркітілдес халықтардың ХХІ ғасыр ақындары мейрамы /Түркия, Анкара/ (2012 ж.), «Ұлы Жібек жолы ақындарының поэзия кештері» Х фестивалі /Түркия/ (2013 ж.) алғыс хаттарымен марапатталған. Марқұмның соңында зейнеткер анасы және кәмелет жасына жетпеген Мәдина мен Інжу атты екі бүлдіршіні қалған. Қазір жол полициясы осы оқиғаға қатысты сот алды тергеу бастап, бірқатар сараптамалар тағайындады.  



Просмотров: 10768
Похожие новости:
Имиджін ауыстырған отандық продюсер адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Имиджін ауыстырған отандық продюсер адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Имиджін ауыстырған отандық продюсер адам танымастай өзгеріп кетті (фото)...
Қызына Абайдың өлеңін үйретіп отырған Мейрамбек тыңдармандарын сүйсінтті (видео)

Қызына Абайдың өлеңін үйретіп отырған Мейрамбек тыңдармандарын сүйсінтті (видео)

Қызына Абайдың өлеңін үйретіп отырған Мейрамбек тыңдармандарын сүйсінтті (видео)...
KeshYou тобынан тағы бір әнші кетіп жатыр

KeshYou тобынан тағы бір әнші кетіп жатыр

KeshYou тобынан тағы бір әнші кетіп жатыр...
Ерке Есмахан дәл концертінің алдында ауруханаға түсіп қалды

Ерке Есмахан дәл концертінің алдында ауруханаға түсіп қалды

Ерке Есмахан дәл концертінің алдында ауруханаға түсіп қалды...
Айтыскер ақын Айбек Қалиев депутат атанды

Айтыскер ақын Айбек Қалиев депутат атанды

От ауызды, орақ  тілді айтыскер ақын Айбек Қалиев Арқалық қаласының мәслихат депутаты атанды.  Бұл туралы ҚазАқпаратқа ақынның өзі хабарлады....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары