» » «Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі

«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Аманат» және «Құнанбай»  фильмдері  2017 жылдың қаңтар айының 12 мен 29 аралығында  Софияда (Болгария) өтетін 9-шы Халықаралық MENAR кинофестивалінің «Фокус» бағдарламасы аясында көрсетілетін болады, - деп хабарлайды alashinform.kz 
Фильмы «Аманат» и «Кунанбай» будут представлены в Болгарии
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан және Орта Азия елдерінен шыққан алғашқы тарихшы, көрнекті ғалым Ермұхан Бекмаханов туралы «Аманат» тарихи лентасы прокатқа өткен жылдың мамырында шыққан. Режиссері әрі сценариін жазған – Сатыбалды Нарымбетов («Балалық шағымның Дон Кихоты» (1978 ж.), «Көзімнің қарасы» (1994 ж.), «Қызжылаған» (2002 ж.), «Мұстафа Шоқай» (2008 ж.).  Аталмыш картина «Оскар» премиясының «Ең үздік шет тілдегі фильм»  таңдалымына ұсынылған. 
Досхан Жолжақсыновтың ұлы ойшыл Абайдың әкесі Құнанбай өмірі жайлы баяндайтын «Құнанбай» атты көркем фильмі еліміз бойынша прокатқа 2015 жылы шыққан.  Былтыр алғашқы ұлттық «Тұлпар» кинопремиясында фильмнің авторлары үздік атанды. Атап айтсақ, басты рөлді сомдаған – Досхан Жолжақсынов «Үздік ер адам рөлі үшін» номинацияда жеңіске жетіп, Рустам Одинаев «Үздік қоюшы суретші» және Төлеген Мұхамеджанов «Үздік композитор» атанды. Сондай-ақ, картина үздік сценарий премиясын да жеңіп алды. Сценарий авторлары Таласбек Әсемқұлов және Досхан Жолжақсынов.  
Сонымен қатар, 2016 жылдың қыркүйегінде фильм XII Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінің конкурстық бағдарламасында көрсетіліп, Уфада өткен III халықаралық ұлттық және этникалық кино «Күміс Ақбозат»  фестивалінде  Әмір Әбдіразақов атындағы «Ұлттық рух» жүлдесін иеленген.  
ҚР Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында Елбасы 2016 жылдың әдебиет пен өнер саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықты үлестірді. Жарлыққа сәйкес премия сценарий авторларының бірі, режиссер – Қазақстанның халық артисі Досхан Жолжақсыновқа,  қоюшы суретші – Рустам Одинаевқа, сонымен қатар актерлер – Нурсифат Салықоваға және Айдос Бектемірге берілді.
Софиядағы MENAR халықаралық кинофестивалі Балқан түбегіндегі ең ірі мәдени оқиғалардың бірі болып саналады. Фестиваль жыл сайын көрермен қауымды мұсылман әлемінің дәстүрі мен мәдениетін паш ететін фильмдермен таныстырады. Фестивальдің бағдарламасы аясында Қиыр шығыста, Орта Азия елдері және Солтүстік Африкада түсірілген үздік көркем, деректі және қысқаметрлі фильмдер де көрсетіледі. Қазақстандық картиналар 14 қаңтар күні «Евро синема» кинотеатрында ағылшын тіліндегі субтитрлармен көрсетілетін болады.
 
Просмотров: 11986
Похожие новости:
Бақтияр Адамжан Түркияда Бас жүлдені иеленді

Бақтияр Адамжан Түркияда Бас жүлдені иеленді

 Қазақстан балетінде жанып келе жатқан жарық жұлдыз, «Астана Опера» театрының жетекші солисті Бақтияр Адамжан Стамбулда (Түркия) өткен Балет әртістерінің V халықаралық конкурсында Бас жүлдені қанжығасына байлады....
Батыржан Смақовтың оралуы

Батыржан Смақовтың оралуы

20 шілде, Астана. Сирек кездесетін дауыс иесі – контратенор – Батыржан Смақов (Италия) «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін «Орфейдің оралуы» концертінде Орфейдің рөлін орындайды. Жұлдызы жанып келе жатқан әншімен бірге сахнаға...
Ерекше балет

Ерекше балет

2016 жыл, 2 шілде. Астана.Елорда күні және Халықаралық "Опералия-2016" фестивалінің аясындаТәуелсіздік сарайы алдындағы ашық алаңда «Астана Опера» театры Л.Минкустың керемет «Баядерка» балеттік спектаклін ұсынады. Мәдениет және спорт министрлігінің...
Түркияда Құран оқудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан екінші орын алды

Түркияда Құран оқудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан екінші орын алды

Түркияда маусымның 10-17 арасында Құран жаттау және мәнерлеп оқудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан екінші орынды еншіледі....
Голливуд продюсерлері Әміре Қашаубаевтың өмірі жайлы фильм түсіреді

Голливуд продюсерлері Әміре Қашаубаевтың өмірі жайлы фильм түсіреді

Голливуд продюсерлері Әміре Қашаубаевтың өмірі жайлы фильм түсіреді...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары