» » Көне үрмелі аспапқа бірыңғай атау беру ұсынылды

Көне үрмелі аспапқа бірыңғай атау беру ұсынылды

Көне үрмелі аспапқа бірыңғай атау беру ұсынылдыКөне үрмелі аспапқа "Мес сырнай" бірыңғай атау беру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Жеті ата" шығармашылық ұжымының өкілдеріне сілтеме жасап. Бұл аспаптың "Желқобыз", "Желқабыз", "Жел саз", "Месқобыз", "Мес сырнай", "Қуық кеп" деген түрліше атаулары бар.  
Ұйым өкілдерінің айтуынша, "Жеті ата" шығармашылық ұжымы мен Халық музыкалық аспаптары музейі ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері ұйытқы болып, ізденіс жолында жүрген шебер Азамат Бақия мен "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі көне үрмелі "Желбуаз" аспабын қайта жаңғырту жолында ұзақ уақыт еңбек атқарды. "Бұл аспап өнертанушы, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің ұсынысымен "Желбуаз" аталғанымен "Желқобыз", "Желқабыз", "Жел саз", "Месқобыз", "Мес сырнай", "Қуық кеп" деген түрліше атаулары бар. Сондықтан аспапты халық алдына шығармас бұрын, оның атын бекітіп алу мақсатында ғылыми кеңес өткізілді", - делінген хабарламада.
Ғылыми кеңеске ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Жарқын Шәкәрім, доцент, күйші-домбырашы "Көкіл" музыка мектебінің директоры Абдулхамит Райымбергенов, дирижер Жалғасбек Бегендиков, аспаптанушы, т.ғ.д. Забира Жакишева, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының аға оқытушысы Гүльфайруз Далбағай, ХМАМ-ның директоры және өзге де музыка саласының зерттеушілері қатысты. Ғылыми кеңе аспап атауы турасында талқылау, пікір-талас жасай отырып, нәтижесінде оны "мес сырнай"  деп атауды жөн көрді. "Мес сырнай" сөзі "мес" және "сырнай" сөздерін әдейі қосып айтқандықтан шыққан. "Мес" сөзі айтылғанда кез келген қазақтың санасында алдымен сүт тағамдары құйылған үлкен тері ыдыс елестейді. Ал, "сырнай" жеке үрмелі музыкалық аспаптың атауы. Меске сырнай аспабын жалғағандықтан пайда болған деген ұғым береді.
Алдағы уақытта мес сырнай аспабын қалың көпшілікке насихаттап, таныстыру мақсатында арнайы тұсаукесер шарасы өтпек.



Просмотров: 319
Похожие новости:
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекова 100 жаста (видео)

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекова 100 жаста (видео)

Қазақстанның халық артисі Хабиба Елебекова 100 жаста. Ғасыр жасаған тұлғаның мерейтойы халықаралық театр күніне орай, өзі 68 жыл бойы түрлі рөлдерді сомдаған әкемтеатр сахнасында атап өтілді....
Бүгін ҚР Халық әртісі Нүкетай Мышбаева 80 жасқа толды

Бүгін ҚР Халық әртісі Нүкетай Мышбаева 80 жасқа толды

80 жыл бұрын (1936) М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы МЫШБАЕВА Нүкетай дүниеге келді....
Қазақ тойларының сәнін келтіріп жүрген хит әндер

Қазақ тойларының сәнін келтіріп жүрген хит әндер

Тіпті той дегенде еске сап ете түсетін әншілер мен қазақтың хит әндерінің тізімі жасақталып қалды...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары