» » «Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады

«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады

«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартадыҚазақ хандығының 550 жылдығына орай қолға алынған «Қазақ елі» тарихи көпсериялы фильмінің жартысына жуығы түсіріліп бітті. Фильм XV ғасырда қуатты империя болған Алтын Орданың күйреп, бірнеше жеке хандықтардың пайда болу кезеңінен басталады,-деп жазады 24.kz. 
Шыңғыс ханның немересі Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің ұрпақтары – Керей мен Жәнібектің қазақ даласында алғаш хандық құрған кезі суреттеледі. «Тарихты көркем туындыда көрсетудің өзіндік қиындығы бар», - дейді шығармашылық топ. Рүстем Әбдіраш, «Қазақ елі» фильмінің режиссері: - Сюжеттік жағынан келген кезде күрделі оқиғаларды, соғыс, жорықтарды, көшті сақтап қалуға тырыстық.   Мынау – Мағолстанға бет түзеген көш. Киноның осы жерде түсірілуінің де заңдылығы бар. Айнала тарихи қорғандар, ата-бабаларымыздың қаны тамған Жоңғар Алатауы мен қазақ даласының түйіскен жері. Фильмдегі бас кейіпкер Керейге – Қайрат Кемалов, Жәнібек рөліне Еркебұлан Дайыров түсіп жатыр.    Қайрат Кемалов, Керей ханның бейнесін сомдаушы: - Керей сұлтанның образы – мен ойнап жатқан өте жауапты рөл. Алмағайып заманда ел бола ма, жоқ бордай тоза ма деп тұрған өте жауапты дүниеде, бүкіл халықтың тағдырын, болашағын, мойнына арқалап, соның жауапкершілігін арқалап, осындай қадамға баруы батылдық. Тарихи туындыда сол заманның куәсі болған ақындар мен жыраулар да бар. «Қайран да менің Еділім» деп жырлаған Қазтуғанның атақты әні фильмнің музыкалық арқауына айналған.  Фильм Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» шығармасының негізінде түсірілуде. Сценарийін белгілі қаламгер, жазушы Смағұл Елубай жазған. Маңызды тарихи дәуірді суреттеуге 300-ге жуық актер қатысуда. 10 сериялы «Қазақ елі» тарихи фильмі наурыз айында көрермен назарына ұсынылмақ.



Просмотров: 239
Похожие новости:
Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр

Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр

Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр...
Биыл «Алтын домбыра» айтысына қай ақындар қатысады?

Биыл «Алтын домбыра» айтысына қай ақындар қатысады?

Биыл «Алтын домбыра» айтысына қай ақындар қатысады?...
Turkvizyon-2015 байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды

Turkvizyon-2015 байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды

Turkvizyon-2015 байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды...
Turkvizyon-2015 байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды

Turkvizyon-2015 байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды

«Қазақстан дауысы - 2015»: Мұратбек Хайролда жеңіске жетті!...
Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)

Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)

Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары