» » Жылқы туралы жаңа жоба жол тартады

Жылқы туралы жаңа жоба жол тартады

Мир увидит доказательства одомашнивания лошади предками казаховОрталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» РТРК» АҚ мен Clearwater Documentary Inc. компаниясының бірлескен жобасы - «EQUUS» (Жылқы) деректі трилогиясына қатысты меморандумға қол қою шарасына арналған баспасөз мәслихаты өтті, - деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі.
Оған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин, канадалық режиссер, антрополог Найоби Томпсон мен продюсер Нұрбол Баймұханов  қатысты.
Кездесуде «EQUUS» (Жылқы) халықаралық жобасының өндірістік жұмыстары талқыланды. Онда әуелі Дәурен Абаев жобаның еліміздің тарихы мен дәстүрін қамтып, халықаралық аренадағы имиджін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
-Бұл біз үшін маңызды жоба. Біздің ел жылқыны алғаш қолға үйреткен  және атбегілік өнердің негізін қалыптасырған ел. Сондықтан шетел ғалымдарының Қазақстанға қызығушылығы тегін емес.
Жылқыны қолға үйреткен ата-бабаларымыз өркениеттің дамуына қомақты үлес қосты. Егер есте жоқ ескі заманда адамдар атқа отырмағанда қазіргі өркениетіміз болмас еді. Жылқы қазіргі қазақ жерінде үйретілген соң ғана атқа отырған адамның барыс-келісі көбейді, аттылы адам жаңа мәдениеттерді таныды, жаңа жерлерге қоныстанды, сөйтіп, адамның өмірі жаңалықтармен толығып, өркениетіміз дамып отырды. Сол себепті осы фильмде жылқы жануарының адамзат тарихындағы рөлін туралы кеңірек баяндалады. Жобаға Қазақстан, Канада, АҚШ, Франция мен Германия елдері қатысады. Деректі трилогия келесі жылы аяқталып, 50 елге тарайды, – деді ол.
 Осыған байланысты Ерлан Қарин брифингте «EQUUS» жобасының түсірілім жұмыстары биыл Қазақстан аумағында болатынын, оған қазақстандық кинематографистер, актерлер, дублерлер, өнер және дизайн саласындағы кәсіби мамандар тартылып, канадалық түсірілім тобымен бірігіп жұмыс істейтінін айтты. Сонымен бірге ол жобаға бастамашы болып, қолдау көрсеткен Ақпарат және коммуникациялар министріне алғысын білдірді.
Кездесуде канадалық режиссер де сериалға байланысты өз ойымен бөлісті. Ол Қазақстан Батыс елдері үшін ашылмаған арал сияқты қызықты ел екенін, сонысымен қазақ жері бүкіл әлемге тартымды болып көрінетінін, қазіргі Қазақстан аумағында жылқының қолға үйретілгенінің өзі адамзат тарихы үшін баға жетпес оқиға деп санайтынын айтты.
–Еуразия кеңістігінің кіндігінде орналасқан сіздердің елдеріңіз ауыз толтырып айтатындай оқиғалармен ерекшеленіп отыр. Қазақ жерінде жылқы қолға үйретілген соң адамзат тарихы мен өркениеті үлкен өзгеріске ұшырады. Егер жылқы болмағанда, ол қолға үйретілмегенде қазіргі өміріміз болмас еді. Адамзаттың тарихы салт аттылармен тығыз байланысты. Біз жылқы туралы деректі трилогияны түсіргенде оның мәні мен маңызына баса назар аударатын боламыз. Менің білуімше, жылқы қазақ халқы үшін аса қастерлі жануар. Ол көлік қана емес, емдік қасиеті мол жануар екенін естіп жүрмін. Батыс елдері мұны білмейді. Ал сіздердің ата-бабаларыңыз оны 6 000 жыл бұрын біліп алған. Сондықтан фильмде жылқыны ғылыми зерттеу жағына мән береміз, – деді ол.
Канадалық ғалым «Адамзаттың Ұлы Одиссеясы» атты ғылыми фильмнің де авторы.  Кездесуде шетелдің әріптесі мен оның түсіргелі жатқан фильмі туралы продюсер Нұрбол Баймұханов  та айтып берді. Ол «EQUUS» деректі трилогиясының  Канада (CBC), АҚШ (PBS), Германия (ZDF) және Франция (ARTE) елдерінің ұлттық ақпарат тарату корпорациялары арасындағы халықаралық әріптестік нәтижесі екенін, ол Найоби Томпсонмен Данияда танысқанын, сол кезде оған жылқылар туралы ортақ жоба жасауды ұсынғанын жеткізді.
 –Шетел ғалымдарының жылқы туралы фильм түсіруі үлкен оқиға. Біздің адамзатқа қосқан үлесіміз зор. Қазір АҚШ болсын, басқа Батыс елдері болсын Қазақстанға деген қызығушылығы өте зор. Біз оларға осындай фильмдер түсіріп қана өзімізді көрсетіп, тарихымыз бен мәдениетімізді насихаттай аламыз. Бұл бір жағынан еліміз үшін мақтаныш емес, ол жауапкершілік, – деді ол.
 Брифинг соңында Ерлан Қарин Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа телеарналар арасында өзі жетекшілік ететін  «Қазақстан» РТРК» АҚ-на «EQUUS» деректі трилогиясын  көрсететуді сеніп тапсырғаны үшін алғысын білдірді. 

Категория: Деректі фильм
Просмотров: 12144
Похожие новости:
«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі

«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Аманат» және «Құнанбай»  фильмдері  2017 жылдың қаңтар айының 12 мен 29 аралығында  Софияда (Болгария) өтетін 9-шы Халықаралық MENAR кинофестивалінің «Фокус» бағдарламасы аясында...
Сәкен Майғазиев туған күнін әріптестері мен ізбасарларының ортасында атап өтті (фото, видео)

Сәкен Майғазиев туған күнін әріптестері мен ізбасарларының ортасында атап өтті (фото, видео)

Сәкен Майғазиев туған күнін әріптестері мен ізбасарларының ортасында атап өтті (фото, видео)...
Танымал жұлдыздар Жаңа жылды «Гавай аралдарында» атап өтті (фото, видео)

Танымал жұлдыздар Жаңа жылды «Гавай аралдарында» атап өтті (фото, видео)

Танымал жұлдыздар Жаңа жылды «Гавай аралдарында» атап өтті (фото, видео)...
Имиджін ауыстырған отандық продюсер адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Имиджін ауыстырған отандық продюсер адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Имиджін ауыстырған отандық продюсер адам танымастай өзгеріп кетті (фото)...
Түркияда Құран оқудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан екінші орын алды

Түркияда Құран оқудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан екінші орын алды

Түркияда маусымның 10-17 арасында Құран жаттау және мәнерлеп оқудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан екінші орынды еншіледі....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары