» » Ең көп тіл білетін футболшылар

Ең көп тіл білетін футболшылар

Бірнеше тілді меңгеру қашан да артықтық етпейді. Көп адамдар өзге тілді үйрену – жарқын болашаққа бастар жол деп білсе, біреулер хобби ретінде қарайды. Одан бөлек мамандықтың да тіл үйренуге қатысы бар. Мәселен, бір маман иелерінің тіл үйренуге уақыты табылмай жатса, енді бір кәсіп иелері өз мүмкіндіктерін пайдаланып тіл үйреніп жатады. Солардың бірі – футболшылар,-деп жазады massaget.kz.
Футболшыларға тіл үйренуге мол мүмкіндік бар деп қарауға болады. Әсіресе әлемнің азулы футбол ұжымдарының құрамында бір ұлттың ғана теңбіл доп шеберлері доп теппейді. Түрлі ұлт өкілдерін кездестіруге болады. Олар өзара тіл табысу үшін ағылшын тілінде, немесе бір-бірінің тілін үйренуге құлшыныс танытады. Нәтижесінде бір емес, бірнеше тілді меігеріп алған футболшылар жетерлік. Бүгін солар туралы айта кеткенді жөн санап отырмыз.
Златан Ибрагимович
Швеция ұлттық құрамасы мен Париждің «ПСЖ» клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович 5 тілде еркін сөйлей алады. Әріптестері нағыз полиглот деп атайтын шабуылшы испан, ағылшын, итальян, голланд және босния тілін біледі.
Генрих Мхитарян
Армения ұлттық құрамасы мен дортмундтық «Боруссия» ойыншысы Генрих Мхитарян да 5 тілді еркін меңгерген. Ол армян, орыс, ағылшын, француз және португал тілдерінде сөйлесе алады.
Месут Озил 
Германия құрамасы мен лондондық «Арсенал» ойыншысы Месут Озил түрік, неміс, испан, ағылшын тілінде еркін сөйлейді.
Петр Чех
Ең көп тіл білетін футболшылардың бірі – Петр Чех. Чехия ұлттық құрамасы мен лондондық «Арсенал» қақпашысы чех, ағылшын және француз тілдерін еркін меңгерген. Сондай-ақ неміс, испан және орыс тілдерінде де тіл табыса алады екен.
Тибо Куртуа
Бельгия ұлттық құрамасы мен Лондонның «Челси» клубының қақпашысы Тибо Куртуа да полиглот футболшылардың бірі. Ол ағылшын, француз, нидерланд, испан және португал тілдерін меңгерген.
Фернандиньо
Бразилиялық футболшы да бірнеше тілді меңгерген. Оның ішінде ағылшын, португал және орыс тілінде еркін сөйлей алады екен.
Ал футбол жаттықтырушылары арасынан «Вест Хэм» (Англия) клубының бас маманы Славен Билич хорват, ағылшын, неміс, орыс, украин тілін меңгерген. Англия құрамасының бапкері Рой Ходжсон ағылшын, француз, неміс, итальян, швед, дат тілін біледі. Луи ван Гал («Манчестер Юнайтед») болса нидерланд, ағылшын, испан және неміс тілдерінде еркін сөйлей алады екен.

Категория: Полиглот
Просмотров: 7968
Похожие новости:
Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады

Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады

Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады...
Bala Turkvizyon: Тұрсынхан Еркін екінші орын иеленді

Bala Turkvizyon: Тұрсынхан Еркін екінші орын иеленді

Bala Turkvizyon: Тұрсынхан Еркін екінші орын иеленді ...
2015 жылы халықаралық аренада жарқын өнер көрсеткен қазақстандық әртістер

2015 жылы халықаралық аренада жарқын өнер көрсеткен қазақстандық әртістер

2015 жылы халықаралық аренада жарқын өнер көрсеткен қазақстандық әртістер...
Бүгін – Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл

Бүгін – Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл

Бүгін – Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл ...
2016 жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі

2016 жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі

2016 жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары