» » Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болды

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болды

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болдыТанымал қазақ журналисі, сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасында ұлды болып, әке атанғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы ол "Жұлдыздар отбасы" журналына берген сұхбатында айтты.
"Адамнан жасырғаныңмен, Алладан жасыра алмайсың. Бұл құпия дүние емес, тіптен той жасау керек. Мұндайда біздің қариялар "құдайдың бергені" деп бөркін аспанға лақтыратын"- деді ол.

"Сөйтіп, 65 жасқа келгенде ұлды болдым. Қуаныш деген ұлым, Сағыныш атты қызым бар. Балаларымның шешесі бөлек болғанымен, әкесі бір. Екі бауырдың арасы бір болсын, ұйқасып тұрсын деп сәбидің есімін - Жұбаныш қойдым. Келіншегімнің ұлды болатынын түсімде көргенмін. "Сары бала туасың" деп айтқанмын, солай болды", - деген сықақшы өзінің сүт кенжесіне деген сезімі ерекше екенін айтты.
""Немере тәтті болады" деген сөзді жастайымыздан естіп өстік. Құдайдың берген ұлы мен қызын жас кезімізден мәпеледік. Ол уақыт өзінше бір тәтті болды. Бірақ оларды қалай иіскегенім, қалай жақсы көргенім есімде жоқ. Енді немере сүйген жасыңда, онымен қоса өзің ұлды болып жатқан кезіңде мына құлыншағың немереден де тәтті болады екен.
Бұл ұлға деген сағыныш тіптен бөлек. Жанынан айнып бір елі шыққым келмейді. Тұқым қуалап, құдай ғұмыр берсе, мен әлі жиырма жыл өмір сүретін сияқтымын. Ұлтымның және ұлымның болашағын қатар көргім келеді", -деді ол.

Категория: Тұлға
Просмотров: 8004
Похожие новости:
“Музартқа” берген уәдесін орындамаған Майғазиев миллион теңге айыппұл төлейтін болды

“Музартқа” берген уәдесін орындамаған Майғазиев миллион теңге айыппұл төлейтін болды

"Музартқа” берген уәдесін орындамаған Майғазиев миллион теңге айыппұл төлейтін болды...
"Президенттің досымын" деген тамада көпшілікті күлкіге қарқ қылды(ВИДЕО)

"Президенттің досымын" деген тамада көпшілікті күлкіге қарқ қылды(ВИДЕО)

"Президенттің досымын" деген тамада көпшілікті күлкіге қарқ қылды(ВИДЕО)...
Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды...
Брэд Питт қайтыс болды деген ақпаратпен хакерлер вирус таратуда

Брэд Питт қайтыс болды деген ақпаратпен хакерлер вирус таратуда

Брэд Питт қайтыс болды деген ақпарат жалған, хакерлердің қолымен жасалып отырған айла, деп хабарлайды Baq.kz....
Танымал қазақ әншісі қызды болды

Танымал қазақ әншісі қызды болды

Танымал қазақ әншісі Тахмина Әшімбекова 36 жасында қызды болды деп хабарлайды NUR.KZ....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары