» » Асқар Мырзахметов: Қайрат Нұртас концерт пен сайлауалды жұмыстарды шатастырмау керек

Асқар Мырзахметов: Қайрат Нұртас концерт пен сайлауалды жұмыстарды шатастырмау керек

Асқар Мырзахметов: Қайрат Нұртас концерт пен сайлауалды жұмыстарды шатастырмау керек
«Нұр Отан» партиясының атынан мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттығына сайлауға түсуге ниет білдірген белгілі боксшы Геннадий Головкиннің әрекеті ешқандай да заңға қайшы емес.
Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов айтты деп хабарлайды baq.kz.
Орталық сайлау комиссиясында «Нұр Отан» партиясы атынан 127 кандитат тіркеп, куәлік беру шарасынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген  Мырзахметов Головкиннің елде көп болмауынан ешқандай заңға қайшы әрекет көріп тұрмағандығын атап өтті.
"Біздің заңгерлеріміз үміткерлердің осы кезге дейінгі жүріс-тұрысы мен әрекеттерін мұқият зерттеп, зерделеп шықты. Олардың ешбірі де ел Конституциясы мен Сайлау туралы заңның баптарына томпақ келмейді. Әрине, ол спорттық мансапта биіктерді бағындыру үшін уақытының көп бөлігін шет елде өкізуіне тура келеді. Алайда, ол ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы және елімізде ресми тіркеуде тұрған тұлға. Сондықтан да біз оны өз өз партиямыздың атынан ұсынудамыз", - деді Асқар Мырзахметов.
Сонымен қатар, төраға орынбасары Қайрат Нұртастың депутаттық мандаттан үміткер ретінде тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге құқылы екендігіне тоқталды.
"Алайда, ол үгіт-насихат жүргізу кезінде Сайлау туралы заң талаптарын сақтауы қажет. Яғни, жеке концерті мен сайлауалды насихат жұмыстарын шатастырып алмай, талапқа сай әрекет еткені жөн", - деді ол.


Дереккөз: BAQ.KZ



Категория: Тұлға
Просмотров: 7951
Похожие новости:
Көне үрмелі аспапқа бірыңғай атау беру ұсынылды

Көне үрмелі аспапқа бірыңғай атау беру ұсынылды

Көне үрмелі аспапқа бірыңғай атау беру ұсынылды ...
Айтыскер ақындардың рейтингі шықты

Айтыскер ақындардың рейтингі шықты

Айтыскер ақындардың рейтингі шықты...
2016 жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі

2016 жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі

2016 жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары