» » Тарихи жәдігерлер тағылымы

Тарихи жәдігерлер тағылымы

Тарихи жәдігерлер тағылымы«Қазақ хандығы  ту тіккен өлке» атты керуен Талас, Сарысу аудандарында болды
«Мәңгілік Ел» идеясы аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты тарихи-мәдени жобасы аясындағы керуен Сарысу ауданына атбасын тіреді. 

Керуен мүшелері алдымен аудандағы көненің көзіндей болған ежелгі Саудакент ауылының тарихи-мәдени орындарымен танысты. Ең әуелі Қоқан хандығы кезінде елінің бірлігі мен тұтастығын сақтауда кемеңгерлік пен мәмілегерлік көрсеткен Шоқай датқа Қарабекұлының кесенесіне бас сұғып, тағзым етті.
Кесене республикалық қорғауға алынған. Одан кейін ауылдағы Төкен Мақашев атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайына келген қонақтар ондағы жәдігерлерді көріп, өз ұсыныстарын айтты.
Қонақтар ұлы сазгер Ықылас Дүкенұлының мемориалдық кешенін де аралады. Бүкіл түркі әлеміне ортақ Қорқыттан кейін қазақтың көне музыкалық аспабын қайта түрлентіп, қобызды әлемге танытқан ұлы сазгер туралы мұнда кеңірек әңгіме қозғалды. Жаңатас қаласына бет алған автокеруеншілер түстен кейін аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Қазақ хандығына ту тіккен өлке» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысын өткізді. Оның алдында жұрт Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған, облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған жылжымалы көрмені тамашалаған болатын.
Дөңгелек үстел отырысын белгілі қаламгер Пернебай Дүйсенбин жүргізіп отырды. Шара барысында экспедиция жетекшісі, облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев  керуен жұмысының мақсатын түсіндірді.
Облысымызға белгілі мұрағаттанушы, жазушы М.Рысдәулет «Мойынқұм, Хантау – Қазақ хандығы ту тіккен киелі мекен», мәдениеттанушы Ә.Әмзеұлы «Көне Тараз ескерткіштері мәңгі құнды», мұрағатшы С.Досымбеков «Орта ғасырдағы хан Жарлықтарының тілі», облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекция директорының орынбасары Н.Серікбаев «Тарихы терең Қазақ хандығы» деген тақырыптарда мазмұнды баяндамалар жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Соңынан жиналған қауым айтыс ақындарының сөзсайысын тамашалады.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған автокеруен мүшелеріне аудан әкімі Б.Жайлыбаев аудан халқының атынан алғысын айтып, сапарларына сәттілік тіледі.
Келесі күні керуен мүшелері Талас ауданына барды. Талас жері – тарихи орындарға тұнып тұрған аймақ. Оған куә жәдігерлері де жетерлік. Соңғы жылдардағы салынған тарихи-мәдени ескерткіштерді қоса алғанда мемлекеттік есепке алынған нысандардың ұзын саны – 74, оның 5-еуінің республикалық маңызы бар. Осыдан 150 мың жыл бұрын төменгі палеолит дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамдардың тұрағы да қарт Қаратаудың етегіндегі Тәңірқазған, Бөріқазған, Ақкөлден табылып, Қазақстан тарихында жазылған.
«Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты жобаны насихаттап жүрген керуен мүшелері сапар барысында ауданның тарихи-мәдени мұражайында жұртшылықпен кездесу өткізді.
Дөңгелек үстелде қазақ тарихына қатысты қызықты мәліметтер айтылып, тұрғындар көкейде жүрген көптеген сұрақтарына жауап алды.
Дөңгелек үстел үстіндегі ой-пікір алмасу аяқталған соң қала жұртшылығы «Тараз – ғасырлар куәсі» атты облыстық мұражай ұйымдастырған көрмені тамашалады.
Кейіннен көрермен қауым облысқа белгілі ақындардың айтысын тамашалады.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол». Сарысу, Талас аудандары.
Мақала www.akjolgazet.kz сайтынан алынды




Категория: Мәдени мұра
Просмотров: 7952
Похожие новости:
Қытайдан керуен келді күмбірлетіп … (фото)

Қытайдан керуен келді күмбірлетіп … (фото)

Қытайдан керуен келді күмбірлетіп … (фото)...
Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр

Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр

Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр...
«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады

«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады

«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады ...
Жамбыл облыстық филармониясы Шымкент қаласына «Ұлы дала – Ұлысым!» атты концерттік бағдарламасын тарту етті

Жамбыл облыстық филармониясы Шымкент қаласына «Ұлы дала – Ұлысым!» атты концерттік бағдарламасын тарту етті

Жамбыл облыстық филармониясы Шымкент қаласына «Ұлы дала – Ұлысым!» атты концерттік бағдарламасын тарту етті  ...
Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)

Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)

Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары