» » Тұрғындар аудандық музейге сый жасауда

Тұрғындар аудандық музейге сый жасауда

Тұрғындар аудандық музейге сый жасаудаТараз. Zhambylnews – Қордай ауданында «Аудандық музейге сый тарту» акциясы жарияланғаны белгілі. Бұл іс-шара тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне қоғам назарын тағы да бір мәрте аударуды,  ел арасында елеусіз жатқан құнды жәдігерлерді жинастыруды, халқымыздың құнды  дүниелерін  ұрпақтарынан сый ретінде қабылдап алуды және оны кәсіби тұрғыда сақтап, халыққа көрсетуді көздейді.
Акция барысында Жамбыл ауылының тұрғыны Валерий Турлов музейге шамамен XI-ХІІ ғасырлардың құнды қыш құмырасын табыс етті. Бұл жәдігер облысымыздың Шу ауданы Ақтөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 шақырым жерде орналасқан Ақсу өзенінің бойынан табылған. Кезінде орта ғасырлық Баласағұн қалашығында қыш ыдыстар жасайтын үлкен пештер болғаны тарихтан белгілі. Сондықтан да, қыш құмыраның сол заманда жасалған болуы әбден мүмкін. Ол ернеулі, ұзын мойынды болып келген. Ішкі жақ жиегі шеңбер етіліп қолдан жасалған. Салмағы екі келі, биіктігі 17 см, ернеуінің  диаметрі  12 см. 
Жуырда музей атынан әдіскер Әлия Кизирова Валерий Ивановичке Алғыс хат табыстап, аудандық музей қорына қосқан үлесінің зор екенін атап көрсетті. Сонымен бірге Қордай ауылынан Оразай Ершуақов өзінің марқұм әпкесі Зылиқа мен анасы Ұлдайдан сақталып қалған көне ұршық пен күміс білезікті табыс етті. Аудан орталығында көптеген жылдар аудандық білім бөлімінде қызмет атқарған Дәржігүл Жусанбаева Көктөбе ауылында тұрған өзінің анасы Қантбала Әлмерекқызынан қалған өткен ғасырдың 40-50 жылдары шығарылған мыс шәйнек пен әжесі Майкө Беделбайкеліні қолданған мыс тегенені қорға өткізді.
Тағы бір айта кетерлігі, акция жайында оқыған ауданның бірқатар тұрғындары хабарласып, өз үйлерінде сақтаулы тұрған ескінің көзі - әртүрлі жәдігерлерді музей қорына өткізетіндерін білдіруде. Олардың сыйлаған құнды дүниелері талапқа сай қабылданып, сақталатыны сөзсіз. Айтпақшы  осымен жыл басынан бері музей қоры 16 жаңа дүниемен толықты. Бұл көрсеткіш күн өткен сайын арта түседі деген сеніммен аудан тұрғындарын күтеміз.
«ZhambylNews» АА
 
Категория: Мәдени мұра
Просмотров: 8039
Похожие новости:
Тарихи жәдігерлер тағылымы

Тарихи жәдігерлер тағылымы

Тарихи жәдігерлер тағылымы...
Достық керуені Тараз қаласына келіп жетті (фото)

Достық керуені Тараз қаласына келіп жетті (фото)

Достық керуені Тараз қаласына келіп жетті (фото)  ...
Түркістандықтар тұрғындар назарына мерекелік бағдарлама ұсынды

Түркістандықтар тұрғындар назарына мерекелік бағдарлама ұсынды

Түркістандықтар тұрғындар назарына мерекелік бағдарлама ұсынды...
Жамбыл облыстық филармониясы Шымкент қаласына «Ұлы дала – Ұлысым!» атты концерттік бағдарламасын тарту етті

Жамбыл облыстық филармониясы Шымкент қаласына «Ұлы дала – Ұлысым!» атты концерттік бағдарламасын тарту етті

Жамбыл облыстық филармониясы Шымкент қаласына «Ұлы дала – Ұлысым!» атты концерттік бағдарламасын тарту етті  ...
Жамбыл облыстық филармониясы балаларға базарлығын ұсынды

Жамбыл облыстық филармониясы балаларға базарлығын ұсынды

Жамбыл облыстық филармониясы балаларға базарлығын ұсынды...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары