» » Серік Ибрагимов: Фонограммамен ән айтуға ұяламын

Серік Ибрагимов: Фонограммамен ән айтуға ұяламын

Шоу-бизнес өкілдерінің көпшілігі концерттерде, тойларда фонограммамен ән салғанды құп көреді. Әншілер көбінесе музыкалық аппаратуралардың тірі дауыста ән салуға мүмкіншілік бермейтінін айтып ақталады. Десе де Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева сынды өнер майталмандары мұны «жалқау әншілердің айтар сылтауы» дейді. Олардың пікіріне Серік Ибрагимов те қосылады, деп хабарлайды stan.kz
Серік Ибрагимов: Фонограммамен ән айтуға ұяламын
Ол кез-келген жерде тек жанды дауыста ән айтуға тырысатын бірегей әншілердің қатарында. Фонограмманы қосып, аузын жыбырлатып тұруға әншінің ар-ұяты жібермейді.
 
Бұл туралы «Компромат» бағдарламасында айтылды. Тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман: «Серік тойда да жанды дауыста ән шырқайтын кемде-кем әншілердің қатарында. Серік, сенімен қатар тойларда басқа әншілер фонограммамен ән айтады. Бірақ бірдей ақша аласыздар. Көңіліңе тимей ме?» – деп сауал қойды. Оған Серіктің берген жауабы мынадай:
 
«Оны әр әншінің өз ұяты біледі. Өзіме келетін болсам, мен бір жолы осылай ауырып қалдым. Бірақ біз тапсырыс алып қойғанбыз. Сол жерде екі әнді айтып көрдім фонограммамен, қиналдым, қатты қиналдым. Өзімнің дауысым болса да, қатты ұялдым. Халықты алдап тұрғандай, бәрі көріп тұрған сияқты. Үйреніп қалғаннан кейін басқаша болады екен. Сондықтан өзіме қазір ұят. Кез келген жерде болмасын, аппарат мықты болсын, жай болсын тірі дауыста ән айтқым келеді. Кейбір бағдарламалардың форматтары фонограммамен айтуды талап етеді. Ол кезде амал жоқ».
 
Сұхбат барысында әнші жеке өміріне және шығармашылығына қатысты жаңалықтарымен бөлісті. Серік жеке өміріне қатысты ақпараттарды жасырғысы келмейтінін, десе де оны қайта-қайта жариялауды дұрыс емес деп санайтынын айтты.
 
«Үйленгеніме келер болсақ, бұл жерде ешқандай жасыру жоқ. Бірақ қайта-қайта менің жарым осы деп сала бермейсің ғой. Өйткені өнер адамы болғаннан кейін, сол саладағы жаңалықтарды беріп отыру керек деп ойлаймын», – деп мәлім етті ол.
 
Бұдан бөлек Серік алдағы қыста есеп беру концертін өткізетінін тілге тиек етті. Бағдарлама барысында ақиық ақын Мұғақали Мақатаевтың өлеңін оқыған әнші көрермендерді тәнті етті.

Просмотров: 799
Похожие новости:
Қазақстандық жұлдыздар өнердегі жемқорлық туралы айтып берді

Қазақстандық жұлдыздар өнердегі жемқорлық туралы айтып берді

Қазақстандық жұлдыздар өнердегі жемқорлық туралы айтып берді...
Шымкентте тегін концерт берген Қайрат Нұртасқа жанкүйерлері тап берді (фото)

Шымкентте тегін концерт берген Қайрат Нұртасқа жанкүйерлері тап берді (фото)

Қайрат Нұртас Шымкентте тегін концерт берді. Ұлыстың ұлы күні ОҚО басшылары облыс орталығындағы алаңдардың біріне танымал әншіні шақырып, халық үшін тегін концерт ұйымдастырды....
Сахнадан көрінбей кеткен әншілер

Сахнадан көрінбей кеткен әншілер

Киелі сахнада әсем әндерімен халықты қуантып, хит шерулерді көш бастаған кейбір әншілер өнер ауылынан алыста жүр...
Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады

Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады

Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады...
2015 жылы халықаралық аренада жарқын өнер көрсеткен қазақстандық әртістер

2015 жылы халықаралық аренада жарқын өнер көрсеткен қазақстандық әртістер

2015 жылы халықаралық аренада жарқын өнер көрсеткен қазақстандық әртістер...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары