» » Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады

Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады

Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындадыҚазақстандық белгілі актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильміне бөлінген қаражатты жымқырғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдеріне сілтеме жасап.
 
"Бұған дейін ұсталған Тұңғышбай Жаманқұлов өз қорғаушысының көзінше "Феникс" фильмінің өндірісіне бөлінген бюджет қаражатын жымқырғанын толықтай мойындады, өз ісіне өкінді және шығынды өтеп беруге уәде етті. Жаманқұлов қаражаттың қолма-қол ақшаға айналдырылған дерегін растады және бюджет қаражатының жеке мақсаттарға жұмсалғанын айтты", - делінген баспасөз хабарламасында.
Жаманқұлов өзіне қатысты бұлтартпау шарасын кепілақымен босатуға ауыстыруға және ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрап, өтініш білдірді. 
 
Қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш Т. Жаманқұловтың, Н.Юдинаның және Г.Ысқақованың шығынды толықтай өтегенінен кейін қарастырылады.
 
"3 қарашада Тұңғышбай Жаманқұлов шығынды ішінара өтеді және танымалдығы, жасы және кепіл мүлік қалдыруына байланысты, "кепілақымен босату" бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді ведомстводағылар. 
Айта кетейік, мұның алдында мәдениет және спорт министріАрыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын. Министрдің айтуынша, Тұңғышбай Жаманқұлов кешірім сұрау үшін арнайы Астанаға келген. "Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын (...). Кепіл беруге де дайынмын", - деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
 
Еске салайық, осыған дейін қазақстандық актердің ұсталғаны хабарланған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын.

Просмотров: 1057
Похожие новости:
Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды...
Әли Оқапов анасының арқасында көтерілгенін мойындады

Әли Оқапов анасының арқасында көтерілгенін мойындады

Әли Оқапов анасының арқасында көтерілгенін мойындады...
Бір топ музыканттар ақшаға тойынған асабаларға қарсы шықты

Бір топ музыканттар ақшаға тойынған асабаларға қарсы шықты

Тойға шығатын музыканттар асабаларға қарсы бой көтеріп, олардан өздеріне беретін ақыны көтеруді сұрады деп хабарлайды NUR.KZ....
Баян Есентаева күйеуінің ісіне қатысты сот тыңдауына келген жоқ

Баян Есентаева күйеуінің ісіне қатысты сот тыңдауына келген жоқ

14 қыркүйек күні Қаскелең қалалық округіндегі Алматы облысы Қарасай аудандық мамандандырылған сотында Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты сот тыңдауы өтіп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат....
Тарканның жары мұрнына пластикалық операция жасатқандығын мойындады

Тарканның жары мұрнына пластикалық операция жасатқандығын мойындады

Мегажұлдыз Тарканның жұбайы Пынар Дилек үйлену тойынан кейін алғаш рет камераның алдында сөз сөйледі. Өз мәлімдемесінде мұрынға жасалған операциясы мен үйдегі Таркан жайлы сөз етті. Бұл туралы 24.kz  хабарлады....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары