» » Кәмшат Жолдыбаева “әншілер нанымызды тартып жеп жүр” деген журналистердің әлсіз маман екенін айтты

Кәмшат Жолдыбаева “әншілер нанымызды тартып жеп жүр” деген журналистердің әлсіз маман екенін айтты

Кәмшат Жолдыбаева "Әншілер мен актерлер біздің нанымызды тартып алып жеп жүр” деген журналистердің бар болғаны әлсіз маман екенін айтты. Олардың бұл сөзін әлсіздің жанайқайы деп білетінін жеткізді. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.
Кәмшат Жолдыбаева “әншілер нанымызды тартып жеп жүр” деген журналистердің әлсіз маман екенін айтты
Бұл туралы Астана арнасының "Сырласу” бағдарламасында айтылды
"Әншілердің бағдарламаны жүргізуін сіз қабылдай аласыз ба? Осыны дұрыс үрдіс деп ойлайсыз ба?” – деп сұрады бағдарлама жүргізушісі Әйгерім Сейфолла. Бұл сауалдың қойылатынын Кәмшат Жолдыбаева күткен сыңайлы. Себебі, әнші мүдірместен көптен беру айтқысы келіп жүрген ойын жеткізді.
"Әрине, қабылдай аламын. Барлығын бірдей бағалап, бір баға беру мүмкін емес. Тыңдап, көріп барып қана бағасын бересің. Әнші мықты жүргізіп тұрса, неге бұл мүмкіндікті пайдаланбасқа?! Әртүрлі пікір, яғни сіздің әріптестеріңіз "Ойбай, әншілер немесе актерлер біздің нанымызды тартып алып жеп жүр. Неге әркім өз ісінің маманы болмайды? Қалдырсын бізге сол мүмкіндікті” деп айтып жатады. Мен мұны әлсіз мамандардың немесе әлсіз жандардың айтатын жанайқайы деп ойлаймын. Сен мықты болсаң, ешқашан далада қалмайсың”, – дейді ол.
Әншінің бұл сөздерін естіп отырған журналист Әйгерім Сейфолла күлкіге ерік берді. "Әріптестерім, Кәмшатты осы пікірі үшін жан-жақтан жеуге дайындалыңдар” деді ол күліп.


Просмотров: 407
Похожие новости:
Тоқтар Серіков: Шетелдік әншілер Мейрамбегім мен Саятымнан артық емес

Тоқтар Серіков: Шетелдік әншілер Мейрамбегім мен Саятымнан артық емес

Тоқтар Серіков: Шетелдік әншілер Мейрамбегім мен Саятымнан артық емес...
Кәмшат Жолдыбаева өзіне ұқсайтын арулар арасында конкурс жариялады

Кәмшат Жолдыбаева өзіне ұқсайтын арулар арасында конкурс жариялады

Кәмшат Жолдыбаева өзіне ұқсайтын арулар арасында конкурс жариялады...
Әнші Луина продюсерімен азаматтық некеде тұратынын айтты

Әнші Луина продюсерімен азаматтық некеде тұратынын айтты

Луина өзінің продюсері Жомарт Сүлейменовпен азаматтық некеде бес жыл бойы тұрып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ....
Әли Оқапов Батырхан Шүкеновпен бір кездері бастаған ортақ жұмысы туралы айтты

Әли Оқапов Батырхан Шүкеновпен бір кездері бастаған ортақ жұмысы туралы айтты

Елімізге әйгілі әнші Әли Оқапов инстаграмдағы парақшасында тыңдармандарына жаңа бейнебаян әзірлеп жатқандығы туралы жазды.    ...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары