» » Әнші Айша әкесінің өмірден озғанын 10 жыл бойы білмеген

Әнші Айша әкесінің өмірден озғанын 10 жыл бойы білмеген

Әнші Айша он жылға жуық уақыт бойы әкесінің дүниеден озып кеткенінен хабарсыз болған. Бұл туралы ол 31 арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды stan.kz.
Әнші Айша әкесінің өмірден озғанын 10 жыл бойы білмеген
Ата-анасы Айша 3 жаста болған кезде ажырасып кеткен. Сол сәттен бастап әнші өзінің туған әкесін ешқашан көрмеген.
«Бір кездері әкемді тапқым келген. Бірақ анам оны іздеудің қажеті жоқ екенін айтты. Себебі әкем қиындау адам болды. Ол кезде біз Қарағанды облысының Майқұдық деген жерінде тұратынбыз. Қарағандыны білетін адамдар Майқұдықтың да қандай екенін түсінеді. Мен 1989 жылы дүниеге келдім. Бұл 90-жылдардың кезі болатын. Ал әкем бір банданың құрамында болған. Сол себепті екеуі ажырасқан. Бірақ анам әкемді қатты сүйді. Тек ол кісі қаласа 1 жылға, қаласа 3 жылға жоқ болып кететін еді. Ол уақытта телефон да болған жоқ. Анамның уақыты күтумен өтетін», – дейді Айша.
Десе де, күндердің күнінде әкесімен жүздесетініне сенген. Алайда әншінің бұл арманы көкке ұшты. Себебі әкесі 2006 жылы бақилыққа аттанған.
«Бірақ мен оның қайтыс болғанын былтыр ғана білдім. Мені әкемнің Германияда тұратын бауыры тауып алды. Қатты қайғырдым. Әрине әкемнің болғанын қаладым. Әр адам қалайды деп ойлаймын», – дейді Айша.
Әнші Айша күндердің күнінде әкесі қызын көргенде оны мақтан тұтады деп үміттенген.
"Мені бір жетістікке жетті деп мақтанғанын емес, жалпы жақсы адам болғаным үшін мақтан тұтатын шығар деп ойладым. Өйткені мен өзімді жақсы адам санаймын. Негізі мен айтарлықтай жетістікке жеттім дей алмаймын. Жетістікке жеткен – күйеуім, мен бар болғаны оның жанындамын, біз біргеміз”, – деп түйіндеді Айша.


Просмотров: 2903
Похожие новости:
Дастан Оразбеков Төреғали Төреәлімен болған жанжал туралы айтып берді

Дастан Оразбеков Төреғали Төреәлімен болған жанжал туралы айтып берді

Дастан Оразбеков Төреғали Төреәлімен болған жанжал туралы айтып берді...
Кәмшат Жолдыбаева “әншілер нанымызды тартып жеп жүр” деген журналистердің әлсіз маман екенін айтты

Кәмшат Жолдыбаева “әншілер нанымызды тартып жеп жүр” деген журналистердің әлсіз маман екенін айтты

Кәмшат Жолдыбаева "әншілер нанымызды тартып жеп жүр” деген журналистердің әлсіз маман екенін айтты...
Келіні Мейрамбек Беспаевтың қандай «қайын ата» екенін айтып берді

Келіні Мейрамбек Беспаевтың қандай «қайын ата» екенін айтып берді

Келіні Мейрамбек Беспаевтың қандай «қайын ата» екенін айтып берді...
Полицейлер Қайрат Нұртастың қатысуымен болған жол апатына қатысты түсінік берді

Полицейлер Қайрат Нұртастың қатысуымен болған жол апатына қатысты түсінік берді

Полицейлер Қайрат Нұртастың қатысуымен болған жол апатына қатысты түсінік берді...
Исламға дұшпан болған депутат Гетенің өлеңін оқып мұсылман болды

Исламға дұшпан болған депутат Гетенің өлеңін оқып мұсылман болды

Босқындарға дұшпандығымен танылған 75 жастағы Германияның кезіндегі асыра оңшылдар партиясының депутаты Уернер Клаун мұсылман болды деп хабарлайды ihsan.kz....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары