» » Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer телешоуына қатысады

Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer телешоуына қатысады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайда өтетін I Am a Singer музыкалық байқауына қатысатын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне әншінің менеджері Алпамыс Шәрімов айтты.
Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer телешоуына қатысады
Айта кетейік, музыкалық байқау Қытайдың Чанша қаласында өтеді. Әншінің менеджерінің айтуынша, Димаш Құдайбергенов осы байқауға қатысатындықтан, тіпті имиджін де өзгерткен. "Димаштың имиджін өзгерттік. Бұл The voice байқауы емес, мұнда өте танымал әншілер қатысатын болады", - деді Алпамыс Шәрімов.
Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer телешоуына қатысады
"Димаш - ең жас қатысушы. Оны ұйымдастырушылардың өздері шақырды. Димаш француз тілінде ән айтады", - деді Шәрімов. Айта кетейік, I Am a Singer байқауының 5-ші маусымы Қытайдың Hunan TV телеарнасынан көрсетіледі. Байқауға жеті орындаушы қатысады. Жеңімпазды аудитория анықтайтын болады.
Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer телешоуына қатысады
Еске салайық, Димаш Құдайбергенов Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық байқауында жеңімпаз атанған еді. Ол, сонымен қатар, "Шығыс базары" және "Мейкин Азия" байқауларының Гран-при иегері.



Просмотров: 8234
Похожие новости:
«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі

«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Аманат» және «Құнанбай»  фильмдері  2017 жылдың қаңтар айының 12 мен 29 аралығында  Софияда (Болгария) өтетін 9-шы Халықаралық MENAR кинофестивалінің «Фокус» бағдарламасы аясында...
Бақтияр Адамжан Түркияда Бас жүлдені иеленді

Бақтияр Адамжан Түркияда Бас жүлдені иеленді

 Қазақстан балетінде жанып келе жатқан жарық жұлдыз, «Астана Опера» театрының жетекші солисті Бақтияр Адамжан Стамбулда (Түркия) өткен Балет әртістерінің V халықаралық конкурсында Бас жүлдені қанжығасына байлады....
Батыржан Смақовтың оралуы

Батыржан Смақовтың оралуы

20 шілде, Астана. Сирек кездесетін дауыс иесі – контратенор – Батыржан Смақов (Италия) «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін «Орфейдің оралуы» концертінде Орфейдің рөлін орындайды. Жұлдызы жанып келе жатқан әншімен бірге сахнаға...
Ерекше балет

Ерекше балет

2016 жыл, 2 шілде. Астана.Елорда күні және Халықаралық "Опералия-2016" фестивалінің аясындаТәуелсіздік сарайы алдындағы ашық алаңда «Астана Опера» театры Л.Минкустың керемет «Баядерка» балеттік спектаклін ұсынады. Мәдениет және спорт министрлігінің...
Қазақстандық әнші Испанияда өткен халықаралық байқауда бас жүлде иеленді

Қазақстандық әнші Испанияда өткен халықаралық байқауда бас жүлде иеленді

Қазақстандық әнші Испанияда өткен халықаралық байқауда бас жүлде иеленді...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары