» » Әуелбекова мен Бақаева сахналық көйлектерін қайырымдылық үшін сатылымға шығарды (фото)

Әуелбекова мен Бақаева сахналық көйлектерін қайырымдылық үшін сатылымға шығарды (фото)

«Арнау» тобының әншісі әрі танымал актриса Салтанат Бақаева желіде қайырымдылық эстафетасын бастады. Ол сахналық көйлегін сатылымға шығарды. Сатылымнан түскен қаражатты ол ауыр науқасқа шалдыққан жеткіншектің шотына аудармақ, деп хабарлайды Stan.kz.
Әуелбекова мен Бақаева сахналық көйлектерін қайырымдылық үшін сатылымға шығарды (фото)
«Мен мына көйлегімді сатып, сатылымнан түскен ақшаны Жанияның еміне жіберсем деп ем. Қалай қарайсыздар? Көйлекті 2 рет кидім концертке. Бұл эстафета және бұны менің әріптестеріме жолдаймын! Көп түкірсе көл болады демекші бәріміз жұмылып жинайық! Бұл ойымды толықтырған Мөлдір Әуелбекова болатын, сондықтан Мөлдір өзіңнен бастаймын! Мөлдір Әуелбековаға, Бағлан Әбдірайымовке, Айдана Меденоваға жолдаймын», – деп жазды Салтанат Бақаева.

Салтанат Бақаеваның эфтафетасын алғашқы болып әнші Мөлдір Әуелбекова қоштай түсті. Ол да қымбат сахналық көйлектерінің бірін сатылымға шығарып, эстафетаны өнердегі әріптестеріне жолдады. Сондай-ақ, біреудің ақшасын есептеп, қалтасын тіміскілейтін желі оқырмандарына жауап берді.

«Біреудің қалтасын санауға асықпаңыз! Кім қандай игі іс жасап жүргені бір Аллаға мәлім! Жұма қабыл болсын!» – дейді Әуелбекова.


Просмотров: 8455
Похожие новости:
Мөлдір Әуелбекова босанғаннан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Мөлдір Әуелбекова босанғаннан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Мөлдір Әуелбекова босанғаннан кейін алғаш рет ел алдына шықты ...
Салтанат Бақаева тойға Нұржансыз шыққанда пайдаға кенелетінін мойындады

Салтанат Бақаева тойға Нұржансыз шыққанда пайдаға кенелетінін мойындады

Салтанат Бақаева тойға Нұржансыз шыққанда пайдаға кенелетінін мойындады...
Салтанат сырын айтуға дайын емес

Салтанат сырын айтуға дайын емес

Белгілі журналист, тележүргізуші Салтанат Қалиева «Ұят емес» хабарын жүргізіп келеді. Осы уақытқа дейін қайталанбас сұхбаттар жасап жүрген журналист кейіпкер психологиясының мықты барлаушысына айналған....
Мөлдір Әуелбекова ағасындай болып кеткен Мейрамбекке ғашық болудан ұялған

Мөлдір Әуелбекова ағасындай болып кеткен Мейрамбекке ғашық болудан ұялған

Мөлдір Әуелбекова ағасындай болып кеткен Мейрамбекке ғашық болудан ұялған...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары