» » Ернар Айдар: Сіз бен біз жер бетіне келіп-кететін қонақпыз

Ернар Айдар: Сіз бен біз жер бетіне келіп-кететін қонақпыз

Желі қолданушылары Ернар Айдардың шүкірлік ету туралы жазған жазбасына қайран қалды.
Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.
Ернар Айдар: Сіз бен біз жер бетіне келіп-кететін қонақпыз
Соңғы кезде Ернар Айдардың денсаулығы сыр беріп жүр. Бұған бірнеше күн бұрын желіге жүктеген суреттері дәлел. Бетперде киіп, түрлі ем қабылдап жатыр екен.
"Ассалаумағалайкум барлығыңызға. Ауырмаңыздар! Менен тілек сол болсын. Мен енді жақсы болып қалғандаймын”, – дейді ол. Бұдан кейінгі жазбасын да "Тағы бір тілек айтайын, ауырмаңыздар”, – деп қысқа қайырған. Желі қолданушылары өз кезектерінде оның денсаулығы үшін алаңдайтынын жеткізді. Ақ тілектерін білдіріп, тез жазылып кетуін тіледі. Мұнымен қатар, оларға әншінің төмендегі жазбасының мазмұны ұнап қалды.
Ернар Айдар: Сіз бен біз жер бетіне келіп-кететін қонақпыз
"Дубайдың бір түнеп шығуы 20 мың доллар тұратын бес жұлдызды қонақ үйлері бар. Қанша адамдар соған қол жетпегені үшін тағдырына налып, өмірін өкпелеумен өткізіп жатыр. Сіз бен біз жер бетіне келіп-кететін қонақпыз. Ал "Жер” атты планета барлығымызға ортақ үйіміз. Енді аспанға қараңыз. Қанша жұлдызды қонақ үйде тұрып жатырсыз? Алла сіз бен бізден ол үшін ақы сұрап тұрған жоқ. Сонда да шүкір етпейміз-ау”, – дейді Ернар Айдар.
Желі қолданушылары өз кезектерінде бұл жазбаны қоштай түсті. "Өте дұрыс айтасың, Ернаржан”, "Дұрыс айтылған сөз. Қыдырғанша жетім-жесірлерге көмектеспейміз бе?”, "Ақылыңнан айналайын. Мың жаса!”, "Аллаға сансыз шүкір”, "Ернар, жақсы айттыңыз. Тәубе деу керек осы баршылыққа”, "Шүкір етеміз, әрине. Аллаға сансыз мадақ. Алла ұлық” деп жазады желі қолданушылары.





Просмотров: 9415
Похожие новости:
Шымкентте шыр айнала билеген Айгүл Мүкей әріптестерін шаң қаптырды (ВИДЕО)

Шымкентте шыр айнала билеген Айгүл Мүкей әріптестерін шаң қаптырды (ВИДЕО)

Шымкентте шыр айнала билеген Айгүл Мүкей әріптестерін шаң қаптырды (ВИДЕО)...
​Ұлына жеті атасын жаттатқан Дастан Оразбековке желі қолданушылары риза болды

​Ұлына жеті атасын жаттатқан Дастан Оразбековке желі қолданушылары риза болды

​Ұлына жеті атасын жаттатқан Дастан Оразбековке желі қолданушылары риза болды   ...
Ернар Айдар Мейрамбек Бесбаевқа домбыра сыйлады

Ернар Айдар Мейрамбек Бесбаевқа домбыра сыйлады

Ернар Айдар Мейрамбек Бесбаевқа домбыра сыйлады ...
Ернар Айдар «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанды

Ернар Айдар «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанды

Ернар Айдар саяси партияға кірді, - деп хабарлайды alashinform.kz...
Белгілі тарихшылар “Ninety one” тобы үшін ұрысып қалды

Белгілі тарихшылар “Ninety one” тобы үшін ұрысып қалды

Белгілі тарихшылар "Ninety one” тобы үшін ұрысып қалды...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары