» » Жаманқұловқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды

Жаманқұловқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаманқұловқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды
"Антикоррупциялық қызмет "Феникс" көркемфильмінің өндірісіне бөлінген 69 миллион теңге сомасындағы аса ірі бюджет қаражатын жымқырды деген күдік келген Тұңғышбай Жаманқұловқа, Гауһар Ысқақоваға, Наталья Юдинаға және басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады", - деп хабарлады Ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары Олеся Кексель Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауапта.
Соталды тергеу барысында Жаманқұловтың 6 миллион теңге көлемінде шығынды ішінараөтегені айтылады. Айта кетейік, актер осыған дейін өз кінәсін толықтай мойындаған болатын.
"Қазіргі уақытта іс материалдары процесс қатысушыларына танысуға берілді, одан кейін қылмыстық іс айыптау актісімен Алматы прокуратурасы қарауға және күдіктілерді сотқа беру үшін жіберіледі", - деді Кексель.
Айта кетейік, қаражат жымқыру ісінде режиссер Талгад Жәнібековтің де аты аталады. Ол өткен жылдың желтоқсанында 2 айға қамауға алынған болатын.  

Просмотров: 10307
Похожие новости:
«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі

«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Аманат» және «Құнанбай»  фильмдері  2017 жылдың қаңтар айының 12 мен 29 аралығында  Софияда (Болгария) өтетін 9-шы Халықаралық MENAR кинофестивалінің «Фокус» бағдарламасы аясында...
“Музартқа” берген уәдесін орындамаған Майғазиев миллион теңге айыппұл төлейтін болды

“Музартқа” берген уәдесін орындамаған Майғазиев миллион теңге айыппұл төлейтін болды

"Музартқа” берген уәдесін орындамаған Майғазиев миллион теңге айыппұл төлейтін болды...
Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады

Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады

Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады...
Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды...
Баян Есентаева күйеуінің ісіне қатысты сот тыңдауына келген жоқ

Баян Есентаева күйеуінің ісіне қатысты сот тыңдауына келген жоқ

14 қыркүйек күні Қаскелең қалалық округіндегі Алматы облысы Қарасай аудандық мамандандырылған сотында Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты сот тыңдауы өтіп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары