» » Әнуар Нұрпейісов Whatsapp пен Instagram-да уақытын босқа өткізетін жастарды сынап тастады (фото)

Әнуар Нұрпейісов Whatsapp пен Instagram-да уақытын босқа өткізетін жастарды сынап тастады (фото)

Танымал актер Әнуар Нұрпейісов Сингапур елінде саяхаттап жүр, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнуар Нұрпейісов Whatsapp пен Instagram-да уақытын босқа өткізетін жастарды сынап тастады (фото)
Нұрпейісов кезекті саяхатының қызықтарымен бөлісуде. Актер Сингапур ұлттық мұражайына барғанын, онда өз есімін көргенде таңырқап қалғандығын жеткізді.
Әнуар Нұрпейісов Whatsapp пен Instagram-да уақытын босқа өткізетін жастарды сынап тастады (фото)
Нұрпейісовтің айтуынша, қазіргі жастардың оқуға, қала берді бүкіл әлем кітапханасымен танысуға мүмкіншіліктері мол. Алайда қазақстандық жастар оны пайдаланудың орнына, көп уақытын Whatsapp пен Instagram желілерінде өткізеді. Бұл ретте актер отандастарын оқу-білімге құштар Сингапур жастарынан үлгі алуға шақырды.
"Бүгін Сингапур ұлттық мұражайында бір жазба көрдім. Қарасам… Не? Мұнда менің есімім не істеп жүр?
Бөлмеме келген соң Google-дан қарадым. Хедвиг Ануар – Сингапур ұлттық кітапханасының алғашқы директоры. Ол балалар кітаптарды өз үйлеріне алып кете алатындай абоненттік жүйені енгізді. Оның кезінде кітапханалар саны 1-ден 9-ға, ал кітапхана жүйесінің тұрақты мүшелерінің саны 43 мыңнан 333 мыңға дейін артқан.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Сингапур зәулім үйлер мен инфрақұрылым емес, білім беру жүйесін «тұрғызды». «Ақымақ шенеуніктер отыратын зәулім сарайлардың қажеті не», – деп санаған реформатор Ли Куан Ю. Сөйтіп олар балалар мен жастардан бастаған. Ли Куан Ю қоғамның дамуына табысты әрі білімді отбасы негіз болады деп есептеген. Мұндай отбасыларды құру үшін ол айлакерлікке де барған. Мектеп пен университеттің ең үздік түлектеріне ол круиз лайнеріне билеттер табыстаған. Онда жастар ашық теңіз үстінде жаңа махаббат хикаясын құрған, ал одан кейін болашағы өркендеген Сингапурды құрған. Қандай данышпан адам еді. Ал мұндағы Хедвиг Ануардың сөзінің аудармасы: «Балалар кітаптарды өз табалдырығына алып келуге қуанады».
Бүгінгі таңда біздің үйімізде, қала берді қалтамызда бүкіл әлемнің кітапханасы бар, алайда көпшілік үшін оқу залы – ол Инстаграм мен Ватсап”, – деп жазады Әнуар Нұрпейісов.


Просмотров: 8641
Похожие новости:
Динара Сәтжан мен Әнуар Нұрпейісов желіде сұлулық байқауына байланысты дауласты

Динара Сәтжан мен Әнуар Нұрпейісов желіде сұлулық байқауына байланысты дауласты

Динара Сәтжан мен Әнуар Нұрпейісов желіде сұлулық байқауына байланысты дауласты...
Әнуар Нұрпейісов "Қазақстан аруы-2016" финалындағы өз әрекетін түсіндірді (ВИДЕО)

Әнуар Нұрпейісов "Қазақстан аруы-2016" финалындағы өз әрекетін түсіндірді (ВИДЕО)

Әнуар Нұрпейісов "Қазақстан аруы-2016" финалындағы өз әрекетін түсіндірді (ВИДЕО)...
Шоумен Әнуар Нұрпейісов "Қазақстан аруы-2016" қатысушыларын сынап тастады

Шоумен Әнуар Нұрпейісов "Қазақстан аруы-2016" қатысушыларын сынап тастады

Шоумен Әнуар Нұрпейісов "Қазақстан аруы-2016" қатысушыларын сынап тастады...
«Қазақстан аруы» ұлттық конкурсы басталды

«Қазақстан аруы» ұлттық конкурсы басталды

Конкурс жеңімпазы дауыс беру арқылы анықталмақ. Халықтық дауыс беру 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Әр қатысушының фотосессиясын тамашалау арқылы көпшілік бір қызға екі рет дауыс бере алады, - деп хабарлайды alashinform.kz ...
Әли Оқапов қазақтың ұлттық тағамын білместіктен масқаралағанын айтты

Әли Оқапов қазақтың ұлттық тағамын білместіктен масқаралағанын айтты

Отандық эстрада әншісі Әли Оқапов "Бешбармақ" деп аталатын атышулы бейнебаянғе түскеніне қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, қазақтың ұлттық тағамын масқаралауға білместіктен барған деп хабарлайды NUR.KZ....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары