» » Димаш Құдайбергенов Қытайдың «Түнгі студия» бағдарламасына қатысты (фото)

Димаш Құдайбергенов Қытайдың «Түнгі студия» бағдарламасына қатысты (фото)

Аспан асты елінде өтіп жатқан ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайбергенов сол елдегі "Куай Лы Да бін иен” (біздің «Түнгі студия») бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды Stan.kz.
Димаш Құдайбергенов Қытайдың «Түнгі студия» бағдарламасына қатысты (фото)
Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында жазды.
Ерекше дауысты қазақ баласы аталған бағдарламада қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың әнін шырқады. Одан бөлек, әлемге әйгілі Селин Дионның "All by myself” әні мен қытайдың «Жаңа күн» әнін орындады.

«Қайырлы кеш, Достар! Бүгін Қытай телеарнасының ең беделді кешкілік әзіл шоуы "Куай Лы Да бін иен” түсінікті болу үшін «Қытайдың түнгі студиясы» мені қонаққа шақырды. Селин Дионның "All by myself” әнің көпшілікке арнап, қытайдың "Жаңа күн” әнімен ән теxникасын көрсетіп, Бибігүл Төлегенова апамыздың "Бұлбұлын» шырқап бердім. Қытайдың ең танымал жүргізушілеріне қазақ тілін үйреттім! Бір әзілдесіп, бір күліп, бір марқайып қайттық!» – дейді Димаш.
Аталған бағдарламада кезінде Дэвид Бэкxам, Бу И Пон, Шиен Баттие сынды әлемге әйгілі жұлдыздар қонақ болған.
Айта кетейік, бұған дейін Димаштың Қытайда өтіп жатқан танымал әншілер өзара бақ сынайтын "I am Singer (Мен әншімін)” байқауына қатысып жатқанын хабарлаған едік.


Просмотров: 8728
Похожие новости:
Қытай басылымдары Димаш Құдайберген туралы жазып жатыр

Қытай басылымдары Димаш Құдайберген туралы жазып жатыр

Қытай басылымдары Димаш Құдайберген туралы жазып жатыр...
Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer телешоуына қатысады

Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer телешоуына қатысады

Димаш Құдайбергенов Қытайдағы I Am a Singer телешоуына қатысады...
Қазақ баласы «Атамекен-ай» әнін орындап, қытайлық көрерменді таңғалдырды (ВИДЕО)

Қазақ баласы «Атамекен-ай» әнін орындап, қытайлық көрерменді таңғалдырды (ВИДЕО)

Қазақ баласы «Атамекен-ай» әнін орындап, қытайлық көрерменді таңғалдырды (ВИДЕО)...
Танымал корей әншісі қазақ тілінде ән шырқады (ВИДЕО)

Танымал корей әншісі қазақ тілінде ән шырқады (ВИДЕО)

Танымал корей әншісі қазақ тілінде ән шырқады (ВИДЕО)...
Денис Тен өзінің жаңа әнін орындады

Денис Тен өзінің жаңа әнін орындады

Денис Тен өзінің жаңа әнін орындады  ...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары