» » Қыдырәлі Болманов Қазақстанның саябақтарына өз әткеншектерін орнатпақ

Қыдырәлі Болманов Қазақстанның саябақтарына өз әткеншектерін орнатпақ

Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов ойға алған жоспарларымен бөлісті. Ол Қазақстанның саябақтарына «Бал-бала әлемі» деген атпен өз әткеншектерін орнатуды көздеп отыр, деп хабарлайды Stan.kz.
Қыдырәлі Болманов Қазақстанның саябақтарына өз әткеншектерін орнатпақ
Танымал продюсер өзінің желідегі парақшасына отандық музыкалық арнаға берген сұхбатын жариялады.
Отандық «Бал-бала» ұлттық нақыштағы ойыншықтарын нарыққа қосқан Болманов дәл осындай атпен әр аймақта саябақ зонасын ұйымдастырмақ.
«Саябақ зонасы дейміз ғой. Мысалы, Панфилов саябағы бар, Көктөбе сияқты жерлер көп, Астанада да бар. Соларға арнап «Бал-бала әлемі» деген үлкен жоба дайындап жатырмын. Оның ішінде «Бал-баланың» өзінің тирлары, садақ ататын жерлері, әке мен балаға, ана мен қызына арналған деген сияқты, өзінің лабиринттары, тебетін мәшінелері, батуттары, барлығы болады. Жоспарлайсың ғой. Дегенмен маған мынадай бір сөз қатты ұнайды: «Тез деген баяу, бірақ үзіліссіз», – дейді Болманов.
Мұны естіген желі қолданушылары оны қолдайтындықтарын жеткізді.
«Аман болсыншы осындай қазақтың маңдайына біткен азаматтары. Бала ,бала деп жүреді үнемі», «Өте жақсы, иманды жансыз.Отбасыңыз, өзіңіз де аман болыңыз. Сізге тек жақсылықтар тілеймін», «Әрине, өз Арыстарымызды өзіміз қолдап биікке шығармасақ, абыройын асқақтатпасақ кім болғанымыз? Кеше Қыдырәлі ағаның атына қара күйе жағып, карикатура жасағандарды көріп қатты жүрегім ауырды, қынжылдым. Қыдыр ағадай болып алсын әуелі», – деп пікір білдірді олар.


Просмотров: 8248
Похожие новости:
Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылғандарға жауабын берді

Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылғандарға жауабын берді

Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылғандарға жауабын берді...
Сәкен Майғазиев қызының бала-бақша таңертеңгілігінде болған қызықтарымен бөлісті (видео)

Сәкен Майғазиев қызының бала-бақша таңертеңгілігінде болған қызықтарымен бөлісті (видео)

Сәкен Майғазиев қызының бала-бақша таңертеңгілігінде болған қызықтарымен бөлісті (видео)...
Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды

Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңгені жымқырды деген айыппен ұсталды...
Имиджін ауыстырған отандық продюсер адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Имиджін ауыстырған отандық продюсер адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Имиджін ауыстырған отандық продюсер адам танымастай өзгеріп кетті (фото)...
Қарақат «Бал-бала» ойыншықтарын қымбатсынатын ата-аналарға ренжулі

Қарақат «Бал-бала» ойыншықтарын қымбатсынатын ата-аналарға ренжулі

Қарақат Әбілдина «Бал-бала» ойыншықтарын қымбатсынатын ата-аналарға ренжулі. Бұл туралы ол инстаграмдағы парақшасына жазады, деп хабарлады juldizdar.kz порталы....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары