» » «МузАРТ» тобының құрметіне туған балалар

«МузАРТ» тобының құрметіне туған балалар

«МузАРТ» тобының құрметіне туған балалар2016 жылы халықтың ыстық ықыласына бөленген «МузАРТ» тобы 15 жылдық мерейтойын атап өтті. Ең қызығы, Дамир мен Самғатбек есімді азаматтар топтың құрметіне дүниеге келген ұлдарын Музарт деп атапты. Бірі 2007 жылы, екіншісі 2016 жылы 24 маусымда дүниеге келген. Қазіргі таңда екі Музарт та дін аман, өсіп келеді. Бұл деректі «МузАРТ» тобының 15 жылдық мерейтойлық кешінде арнайы дайындалған бейнебаянда жария етті, - деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі.
«МузАРТ» тобының бүгінгі күнге дейінгі белестеріне шолу жасаған Мейрамбек Беспаев «2005 жылы Мақсаттың кетуі бізге ауыр соққы болды. Не істерімізді білмей дағдарғанда, топты тарату керек шығар деген ой келді. Ол кезде «Сенің көзің...» әні бізді біраз жерге танытқан еді», - деп еске алады. Топтың әншісі Сәкен Майғазиев «Біз үшін Мейрамбектің науқастанып қалуы да үлкен соққы болды. Көптің тілеуі, дәрігерлердің көмегімен Мейрамбек жазылып, ортамызға қосылды. Мейрамбектің науқастанып, көп салмақ тастаған уақытында көпшілік «сендер басқа адамды әкелдіңдер» деп танымай қалған. 
Біздің топ үшін ең мәртебе болған оқиға 2011 жылы болды. «МузАРТ» тобының 10 жылдық мерейтойымен Елбасы Н.Ә.Назарбаев құттықтады.
Бұл біз үшін үлкен мақтаныш», - дейді. Мейрамбекке ессіз ғашық болған бойжеткен ақыры Мейрамбек есімді жігітке тұрмысқа шыққан.
«МузАРТ» концертін тамашалауға қызын шақырған жігіт оны артынша алып қашыпты. Айта берсе, ел арасында мұндай оқиғалар өте көп болған.

Просмотров: 8343
Похожие новости:
«Музарт» тобының ізбасарлары алғашқы өнерлерін елбасының алдында көрсетті

«Музарт» тобының ізбасарлары алғашқы өнерлерін елбасының алдында көрсетті

«Музарт» тобының ізбасарлары алғашқы өнерлерін елбасының алдында көрсетті...
Төреғали әйгілі «Сенің көзің» әнін «МузАРТ» тобымен құшақтасып орындады (видео)

Төреғали әйгілі «Сенің көзің» әнін «МузАРТ» тобымен құшақтасып орындады (видео)

Төреғали әйгілі «Сенің көзің» әнін «МузАРТ» тобымен құшақтасып орындады (видео)...
МузАРТ live: МузАРТ тобы өз таңдауын жасады

МузАРТ live: МузАРТ тобы өз таңдауын жасады

МузАРТ live: МузАРТ тобы өз таңдауын жасады ...
МузАРТ-тың тағдыры не болмақ?

МузАРТ-тың тағдыры не болмақ?

МузАРТ-тың тағдыры не болмақ?...
"Жігіттер" тобының әншісі туған күніне келген қонақтарды биімен қуантып тастады

"Жігіттер" тобының әншісі туған күніне келген қонақтарды биімен қуантып тастады

«Жігіттер» тобының мүшесі, Бағлан Әбдірайымов өзінің туған күнінде би билеген видеосын желіге жария етті деп хабарлайды NUR.KZ....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары