» » Исламға дұшпан болған депутат Гетенің өлеңін оқып мұсылман болды

Исламға дұшпан болған депутат Гетенің өлеңін оқып мұсылман болды

Босқындарға дұшпандығымен танылған 75 жастағы Германияның кезіндегі асыра оңшылдар партиясының депутаты Уернер Клаун мұсылман болды деп хабарлайды ihsan.kzке сілтеме жасап Nur.kz
Осылайша бүгіндері адам танымастай өзгеріп, Сирия, Ирак, Ауғанстаннан келген босқындарды панасына алып, қамқор болып отыр.
Тілін кәлимаға келтірген соң есімін «Ибраһим» деп өзгерткен Клаун Германияның «Билд» газетіне берген сұхбатында Ислам дінін қабылдауына Йоганн Вольфганг Гетенің өлеңі себеп болғанын айтқан.
Гетенің Пайғамбарымызды мақтаған өлеңін оқыған ол Ислам дінін жақыннан тану үшін Құран Кәрімнің немісше тәржімасын оқып, артынша Ислам дінін қабылдаған.
Мұсылман болуымен ой-пікірінің де түгелдей өзгергенін тілге тиек еткен ол: «Исламға және мұсылманшылыққа қарсы асыра оңшылдар партиясының мүшесі ретінде өткен өміріммен қош айтысып қана қоюды жеткіліксіз көрдім. Өткен шағымның іздерін өшіру үшін үлкен жұмыстар атқаруды жөн санадым. Сол үшін босқындарға жәрдем етуді міндетім деп білдім», - дейді.
Ибраһим 2014 жылдан бері 18-30 жас аралығындағы екеуі «сириялық» барлығы төрт босқынды үйіне паналатып, бүгіндері бір отбасы болып өмір сүріп жатқанын атап өткен ол: «Кезінде оларға жәрдем еткенім секілді қазір олар маған жәрдем етуде. Зейнетке шыққан маған 900 еуро зейнетақым жетпеген шақта ас беріп, тамақтандырады», ­- деді.
Дереккөз: Nur.kz
 
Тағыда оқыңыз:
 
 


 

 
 



Категория: Дін
Просмотров: 669
Похожие новости:
Түркияда Құран оқудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан екінші орын алды

Түркияда Құран оқудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан екінші орын алды

Түркияда маусымның 10-17 арасында Құран жаттау және мәнерлеп оқудан өткен халықаралық жарыста Қазақстан екінші орынды еншіледі....
Turkvizyon-2015 байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды

Turkvizyon-2015 байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды

Turkvizyon-2015 байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды...
Turkvizyon-2015 байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды

Turkvizyon-2015 байқауында «Орда» тобы 2-орынға ие болды

«Қазақстан дауысы - 2015»: Мұратбек Хайролда жеңіске жетті!...
Қазақстандық фильм Қырғызстанда өткен кинофестивальде бас жүлде алды

Қазақстандық фильм Қырғызстанда өткен кинофестивальде бас жүлде алды

Қазақстандық фильм Қырғызстанда өткен кинофестивальде бас жүлде алды...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары