» » Пара беріп жұмысқа кірген адамның айлығы харам ба?

Пара беріп жұмысқа кірген адамның айлығы харам ба?

Алдымен мынаны айта кету керек: Шариғатта пара беру – харам. «Ар-Раши уәл Мурташи фин нар» («Пара берген де, пара алған да – тозақта»), – деген Пайғамбарымыз.

Кей жағдайларда болмаса,  жалпы алғанда пара беру де, пара алу да Исламда ауыр күнә саналады. (Мысалы, ақысына қол жеткізу тек пара беру арқылы болып жатса, рұқсат. Онда да бұл өзгенің ақысын жеп, ала жібін аттауға апарып соқпауы керек. Және жанын арашалап қалу немесе зұлымдықты бейтарап ету сияқты мәжбүр жағдайларда болады). 

Риуаяттарға қарағанда, сахаба Абдулла ибн Мәсғуд Эфиопия жерінде әлдебіреулердің жауыздығынан екі динар ақша беріп құтылғандығы айтылады. Әрі былай деген: «Мұндай жағдайда күнә алушыға болады, берушіге емес». 

Сондықтан да басқа жұмыстарды қарастырған дұрыс. Әйткенмен де сан-саққа жүгіріп, отбасы нәпақасын табатын бас­қа жұмыс табылмай жатса, амал жоқ, күнә пара алушыға болмақ. 

Ал алған айлығы істеген жұмысының ақысы болғандықтан, онысы – адал.  Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат ҚАСЫМ.

(Mazhab.kz).

Категория: Дін
Просмотров: 8021
Похожие новости:
Тұңғышбай Жаманқұлов алған ақшасын қайтарды

Тұңғышбай Жаманқұлов алған ақшасын қайтарды

Тұңғышбай Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі....
Күйеуінен қорлық көрген Карина Абдуллина ұлын басқа адамның атына жаздырған

Күйеуінен қорлық көрген Карина Абдуллина ұлын басқа адамның атына жаздырған

Күйеуінен қорлық көрген Карина Абдуллина ұлын басқа адамның атына жаздырған...
Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады

Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады

Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады...
Асқар Мырзахметов: Қайрат Нұртас концерт пен сайлауалды жұмыстарды шатастырмау керек

Асқар Мырзахметов: Қайрат Нұртас концерт пен сайлауалды жұмыстарды шатастырмау керек

«Нұр Отан» партиясының атынан мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттығына сайлауға түсуге ниет білдірген белгілі боксшы Геннадий Головкиннің әрекеті ешқандай да заңға қайшы емес....
Көне үрмелі аспапқа бірыңғай атау беру ұсынылды

Көне үрмелі аспапқа бірыңғай атау беру ұсынылды

Көне үрмелі аспапқа бірыңғай атау беру ұсынылды ...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары