» » Баян Есентаева күйеуінің ісіне қатысты сот тыңдауына келген жоқ

Баян Есентаева күйеуінің ісіне қатысты сот тыңдауына келген жоқ

14 қыркүйек күні Қаскелең қалалық округіндегі Алматы облысы Қарасай аудандық мамандандырылған сотында Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты сот тыңдауы өтіп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Nur.kz.
«Есентаевқа Қылмыстық кодекстің 120,121-бабы, 1 тармақтары (зорлау) бойынша айып тағылып отыр. Сонымен қатар, жауапкер мен жапа шегушінің жеке өмірлеріндегі интимдік мәселелеріне байланысты сот отырысын жабық өткізу қажеттілігі туды», - деп түсіндірді судья Берікжан Байжүнісов. Осыған байланысты, Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы жабық өтіп жатыр.
Сот билігінің өкілі аталған істі алқа билер қарайтынын да жеткізді. Айта кетейік, сот тыңдауына Баян Есентаеваның өзі келген жоқ.
Еске салсақ, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар тас жолында болған.
Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды. Жуырда продюсер соққыға жығылғаннан кейін алғаш рет сұхбат беріп, 10 маусымда болған аты шулы оқиғаның қалай болғанын өз аузымен айтып берген болатын.
Дереккөз: ИА "Казинформ"
Категория: Шоу-бизнес
Просмотров: 2156
Похожие новости:
Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады

Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады

Бірнеше тілді қатар меңгеруге болады...
Тұрғындар аудандық музейге сый жасауда

Тұрғындар аудандық музейге сый жасауда

Қордай ауданында «Аудандық музейге сый тарту» акциясы жарияланғаны белгілі....
Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр

Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр

Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр...
Мәдениет саласын іске асыруға бағытталған жаңа заң қабылданды

Мәдениет саласын іске асыруға бағытталған жаңа заң қабылданды

Мәдениет саласын іске асыруға бағытталған жаңа заң қабылданды...
Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)

Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)

Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары