» » Сәкен Майғазиев «Ninety one» тобына қатысты пікір білдірді

Сәкен Майғазиев «Ninety one» тобына қатысты пікір білдірді

Сәкен Майғазиев «Ninety one» тобына қатысты пікір білдірді«Хабар» телеарнасында бүгін тұсауы кесілген «Компромат» бағдарламасында «Мұзарт» тобының белді мүшесі Сәкен Майғазиев «Ninety one» тобына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы  365info.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Бірнеше жыл бұрын қазақ тілінің жырын жырлап, мұңын мұңдап жүргенде қай бағытта айтса да, қазақ тілінде шырқаса екен деп ойлайтынмын. Бірақ, кейін олар шектен шығып кетті. Өте талантты, қазақы мінезді балалар. Сөйлескені де қазақша, акцентсіз. Мақал-мәтелдері де керемет. Оны жігіттердің өздеріне де кездесіп, ағалық ақылымды айтқанмын.
Жігіттер, біздің ұлтымызға, елімізге үлкен қауіп төніп тұр. Сендер жастарды өз-өзіне қол жұмсауға, әлсіздікке, ата-ананы тыңдамауға шақырмаңдар. Болмайтын жерде «өзім білемдікке» итермелемеңдер деп.
Әрине, сәнді киінгенді кім жек көреді. Бірақ, енді шектен шығып кетпеңдер. Қазір ғана қыздар жайында айттым. Қатты боянып, еріндерін үрлеп жіберді, көзі қайсы, түрі қайсысы білмей қаласың. Сол сияқты жігіттің сырға таққаны, шашын қызылды-жасылға бояғаны ұнамайды. Бұл жамандыққа бір қадам. Сол үшін ғана жігіттерді қолдамаймын. Әйтпесе жігіттердің өте талантты екендігін тағы да айтқым келеді. Бірақ, өздерінің табиғаты, болмысы, жасап жатқан қазаққа жат дүниелері қынжылтады», — деді ол бағдарлама жүргізушісінің сауалына орай.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Категория: Шоу-бизнес
Просмотров: 4091
Похожие новости:
Ninety one үздіктер рейтингінде түріктердің өзін басып озып, бірінші орынға бір-ақ шықты

Ninety one үздіктер рейтингінде түріктердің өзін басып озып, бірінші орынға бір-ақ шықты

Қазақстандық Ninety one тобы Түркияның белді музыкалық арнасы жасаған үздік 20 орындаушы қатарынан бірінші болып алға шығып, топ жарды деп хабарлайды NUR.KZ....
Танымал қазақ әншісі қызды болды

Танымал қазақ әншісі қызды болды

Танымал қазақ әншісі Тахмина Әшімбекова 36 жасында қызды болды деп хабарлайды NUR.KZ....
Ninety One тобының Шымкенттегі концерті болмайтын болды

Ninety One тобының Шымкенттегі концерті болмайтын болды

Атышулы Ninety One тобының Шымкентте 2 қазанға жоспарланған концерті кейінге қалдырылды. Бұл туралы топ әншілері өздерінің Instagram-парақшаларында мәлімдеген деп хабарлайды sn.kzке сілтеме жасап 365.info.kz....
Қазақ тойларының сәнін келтіріп жүрген хит әндер

Қазақ тойларының сәнін келтіріп жүрген хит әндер

Тіпті той дегенде еске сап ете түсетін әншілер мен қазақтың хит әндерінің тізімі жасақталып қалды...
«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады

«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады

«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады ...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары