» » Ақтөбеде де «Ninety One»-ның концерті өтпей қалуы мүмкін

Ақтөбеде де «Ninety One»-ның концерті өтпей қалуы мүмкін

Ақтөбеде ондаған жергілікті белсенді сыртқы келбетімен қоғамның қытығына тиген Ninety One тобының концертін өткізуге қарсылық білдіруде. Оларға қылықты жігіттердің шаш бояп, сырға таққаны ұнамаса керек. Алайда осы топтың басқа қаладағы фанаттары концерт үшін Ақтөбеге келуге дайындалып жүр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Белсенді жігіттердің айтуынша, ол топқа қалада концерт беруге кім рұқсат бергені белгісіз. Себебі жергілікті филармонияның басшысы «91»-дің келетіні жайлы, тіпті оның қандай топ екенінен мүлде бейхабар екен.
«Ақтөбенің сахнасы – кім-көрінген келіп-кетіп, концерт қоятын сахна емес», - дейді жігіттердің бірі.
«Ақтөбенің сахнасына героин иіскейтін жұлдыздар да келіп жатыр, дәлі «91» тобына не үшін шүйліктіңіздер?» деген журналистің сұрағына ол:
«жан дүниесі емес, сыртқы келбеті қынжылтады. Біз олардың (жұлдыздардың – агент) жеке өміріне араласпаймыз, жұрттың алдында тұрып, жас қыздардың, қарындастарымыз бен інілеріміздің санасын улап жатқанына біз қарсымыз. Сондай болып кетпесін деген ниетпен», - деп жауап берді.
Осы видеоның астына пікір жазғандардың бірі: «Олай болса елімізде тасып жатырған талантты жандарды ысырып койып, тағы шетелдіктерді шакырайық , арамызға келіп ,тұрпайы қылықтарын көрсетіп кетсін,онымен қоймай соны көруге біз ақшамызды жұмсайық... Сіз үшін мүмкін сол кезде болашақ, үлгі, өнеге деген дүниелер дұрыс түсінігін берер.(бірақ қайдааан) тағы бір таңырқайтыным,сіз сонда өмірде де дос-жорандарыңызбен киінгеніне, түріне, стиліне қарап сөйлесіп, көрісесіз бе?! Сананы сізге берсін, менің де, олардың да сыртынан тон пішіп, адамды түр-сипатына қарап пікір таластырып отырған! Сәттілік! (грамматикасы сақталған - агент)», - деп жазыпты.
Тағы бір желі пайдаланушысы: «Екі сөздің басын құрай алмай тұрған асабалар, өздерін твдан көрсетіп танылғысы келген ғой))) Пиарят себя за счет #91 Асхат Тарғын атын шығарғысы келді, ал таныдық, бəрі бір сол чип-чиптен аса алмайды(грамматикасы сақталған - агент)», - депті.
Өздерін Ақтөбенің өнер саласындағы зиялы қауымы деп таныстырған белсенділер жергілікті жастар бұл топты қаланың табалдырығынан да аттатпайды деп отыр. Қалада қандайда бір толқудың болғанын қаламайтын олар концерт болған жағдайда соңы неге ұласып кетуі мүмкін екенін ескерткілері келеді.
«Қазір билеттер мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында сатылып жатыр. Біз ол оқу орындарына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Олардың келгеніне қарсымыз, біздің қалаға жоламасын. Еркек еркек, әйел әйел болып қалатын ұлттық дәстүрімізді сыйлаймыз. Ер азамат шашын бояп, сырға тақпайды. Олардың гастроліне қарсымыз. Бізге және біздің қалаға олардың өнері керек емес», - дейді. ⠀
Есесіне мектеп жасындағы фанаттары өз кумірлері үшін неге болса да дайын екендерін айтып, жарыса жақтап жатыр.
«Ninety One» жігіттері, өтінемін. Ақтөбеде абай болыңдар. Өзім Ақтөбеден емеспін, бірақ... Күзеттеріңді мейілінше күшейтіңдер. Рас, сендер үшін қатты уайымдаймын. Анау тойшылдардың сөзін естіп, автобуста жынды сияқты жылап отырмын. Өтінемін. Біз қатты уайымдаймыз. Жүрегім жарылайын деп тұр. Бәрі жоғары дәрежеде өтіп, аман-есен ораласыздар деп сенемін. Есесіне сендерді Павлодарда асыға күтеміз. Естеріңде болсын, ешкімге ренжітпейміз. Қыз болсақ не болыпты? Кішкентай болсақ та шымырмыз. Сендерді қорғай аламыз. Анау СҰМЫРАЙЛАР не десе де, біз сендерге қорғанбыз», - дейді топ фанаттарының бірі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте бір топ жас «Ninety one» тобының концертіне қарсылық білдіріп, нәтижесінде концерт өтпей қалған еді. Енді фанаттар Ақтөбедегі концертте сондай күй кешпесе екен деп алаңдайды. Алайда ұйымдастырушылар болса, концерт өтеді деп сендіруде. Оларды даукестердің қала әкіміне түсірген шағымдары да, белсенділердің ескертулері де тоқтата алмайды.
Бұған дейін «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов атышулы 91 тобына ескерту жасаймын деп басы дауға қалған еді. Сондай-ақ, Сәкен Майғазиев те «Ninety one» тобына қатысты өз пікірін білдірген болатын.
Тағы бір айта кетерлігі, қыздар «91-лерді» жақтаймыз деп қырылып жатқанда, жігіттердің өзіне Қазақстанның қыздары ұнамайды екен. Олардың пікірінше, «Қазақстанда әдемі қыз жоқ».






Похожие новости:
Сәкен Майғазиев «Ninety one» тобына қатысты пікір білдірді

Сәкен Майғазиев «Ninety one» тобына қатысты пікір білдірді

«Хабар» телеарнасында бүгін тұсауы кесілген «Компромат» бағдарламасында «Мұзарт» тобының белді мүшесі Сәкен Майғазиев «Ninety one» тобына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы  365info.kz порталы ҚазАқпаратқасілтеме жасап хабарлайды....
Ninety One тобының Шымкенттегі концерті болмайтын болды

Ninety One тобының Шымкенттегі концерті болмайтын болды

Атышулы Ninety One тобының Шымкентте 2 қазанға жоспарланған концерті кейінге қалдырылды. Бұл туралы топ әншілері өздерінің Instagram-парақшаларында мәлімдеген деп хабарлайды sn.kzке сілтеме жасап 365.info.kz....
Қайрат Нұртас: «Ауыл емес, қаланың жігіттерінен қорқамын. Олар гей-клубтарға барады»

Қайрат Нұртас: «Ауыл емес, қаланың жігіттерінен қорқамын. Олар гей-клубтарға барады»

Әнші Қайрат Нұртас vlast.kz сайтына сұхбат беріпті. Қайрат сұхбатында ауыл мен қала жігіттері және көгілдірлерге қатысты көзқарасын білдіріпті деп хабарлайды 365info.kz порталы.   ...
Рэпер мешіт ішінде клип түсіргені үшін қамауға алынды

Рэпер мешіт ішінде клип түсіргені үшін қамауға алынды

Малайзиялық рэп орындаушы Нэймви (шын аты Ви Менг Чи) құқыққорғау органдарының шешімі бойынша қамауға алынып отыр деп хабарлайды Muslim.kzке сілтеме жасап NUR.KZ...
Асқар Мырзахметов: Қайрат Нұртас концерт пен сайлауалды жұмыстарды шатастырмау керек

Асқар Мырзахметов: Қайрат Нұртас концерт пен сайлауалды жұмыстарды шатастырмау керек

«Нұр Отан» партиясының атынан мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттығына сайлауға түсуге ниет білдірген белгілі боксшы Геннадий Головкиннің әрекеті ешқандай да заңға қайшы емес....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары