» » Шымкентте 91 тобының клипін көрген қыз ұйықтай алмай, шошып оянды

Шымкентте 91 тобының клипін көрген қыз ұйықтай алмай, шошып оянды

Шымкенттік ана «Ninety One» тобының жігіттерінің бейнебаянын көрген кенже қызы түнімен шошынып, мазасы әбден қашты деп отыр. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Өзін Әмина Уәлиханқызы деп таныстырған келіншек 2 сыныпта оқитын қызы Ұлназ отандық арналардың бірінен «Ninety One» тобының «Айыптама» әніне түсірілген бейнебаянды көріп, ондағы жігіттердің түрлерін құдды қорқынышты кино кейіпкерлеріне теңегенін айтты.
«Өзім қызметтегі адаммын. Жолдасым да таңертеңнен кешке дейін жұмыста. Кенже қызым таңғы ауысымда оқиды. Ал екі үлкенім сабаққа түстен кейін барады. Ұлназым мектептен соң үйде жалғыз өзі қалып жүрген. Сабағын орындап болған соң ара-тұра теледидар қарауына рұқсат беретінмін. Отандық музыкалық арналарды жақсы көреді. Өнерге де жақындау. Неге екенін білмеймін, арна топтың дәл сол әніне түсірілген бейнебаянын жиі көрсетіпті. Оны көрген қызым түнімен мазасы қашып, шошынып шықты. Ұйқысынан оянып кеткен ол «Ninety One» әні құлағыма келе береді дейді» деп ашынды тұрғын.
Шымкенттік келіншек өзі ол топты бұған дейін мүлдем танымайтынын, тек осы жағдайдан соң сол клипті көргенін айтты. Онда жерасты өткелінде шашын ақ түске бояған топ мүшесінің әрекеті кішкентай бүлдіршіннің көз алдында елес боп кетпей қойған.
Осыдан соң мектеп оқушысы зәресі ұшып, біраз уақыт өзіне келе алмай жүріпті. Бүгінде Ұлназ аталған жігіттердің өнерін тамашаламақ түгілі, топ атын естігісі де келмейді. Жалпы бұл отбасыда тек кенже қызы емес, барлық мүшелері жігіттердің өнерінен теріс айналған. Оған басты себеп – олардың сыртқы келбеті.
«Жігіттердің өнерін қаралағым келіп отырғаным жоқ. Расымен де талантты шығар. Тек сыртқы келбеті талайды шошытқанын білемін. Бірақ, әлеуметтік желілерде жазылған жазбалардан білуімше, топ сахнаға алғаш келген сәттерінен сыртқы бейнелері реттелген секілді. Осы ретте өнер иелерінен өтінерім, сахнаға шықпас бұрын сыртқы келбеттеріңізді реттеп алыңыздаршы. Себебі ел назарында болған соң бірінші көзге әншінің өнерінен бөлек, сыртқы бейнесі түседі», - деп ойын түйді үш баланың анасы.

Похожие новости:
"Жігіттер" тобының әншісі туған күніне келген қонақтарды биімен қуантып тастады

"Жігіттер" тобының әншісі туған күніне келген қонақтарды биімен қуантып тастады

«Жігіттер» тобының мүшесі, Бағлан Әбдірайымов өзінің туған күнінде би билеген видеосын желіге жария етті деп хабарлайды NUR.KZ....
Л. Сұлтанқызын жақтаған “Орда” тобының әншісі қазақ халқын “бесінші нүктесі” ашылған жауыз деп мәлімдеді

Л. Сұлтанқызын жақтаған “Орда” тобының әншісі қазақ халқын “бесінші нүктесі” ашылған жауыз деп мәлімдеді

«Орда» тобының әншісі Есболат Беделхан тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына қолдау білдірді. Одан бөлек, шындықты ашық айтқаны үшін тележүргізушіні сынаған халықтың жауыздығына қайран қалды. Бұл туралы stan.kz хабарлады, деп...
Ninety one үздіктер рейтингінде түріктердің өзін басып озып, бірінші орынға бір-ақ шықты

Ninety one үздіктер рейтингінде түріктердің өзін басып озып, бірінші орынға бір-ақ шықты

Қазақстандық Ninety one тобы Түркияның белді музыкалық арнасы жасаған үздік 20 орындаушы қатарынан бірінші болып алға шығып, топ жарды деп хабарлайды NUR.KZ....
Ninety One тобының Шымкенттегі концерті болмайтын болды

Ninety One тобының Шымкенттегі концерті болмайтын болды

Атышулы Ninety One тобының Шымкентте 2 қазанға жоспарланған концерті кейінге қалдырылды. Бұл туралы топ әншілері өздерінің Instagram-парақшаларында мәлімдеген деп хабарлайды sn.kzке сілтеме жасап 365.info.kz....
Қазақстанда 2017 жылы 81 отандық телехикая түсіріледі

Қазақстанда 2017 жылы 81 отандық телехикая түсіріледі

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 2017 жылы «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының базасында 81 отандық телехикая мен 17 деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР АКМ жауапты хатшысы Жанат Қожахметов баяндады, деп...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары