» » Таразда жастар театры ашылды

Таразда жастар театры ашылды

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Жансарай» жастар театры ашылды. Оның актерлері аталған оқу орнының студенттері. Бұл туралы оқу ордасының Баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады el.kz
Театр өнерпаздары Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасын сахналады. Бұл – театр репертуарындағы алғашқы  классикалық шығарма.
 
Таразда жастар театры ашылды
 
 
Әйгілі Шәмшінің жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері әрбір қазақтың аузында. Сол сұлу әндер өмірге қалай келді? Жалпы Шәмшінің өз тағдыры, өз махаббаты туралы не білесіз? Еріксіз биге жетелеп махаббатпен тебірентер «Сыған серенадасы». Осы бір әнді оятқан сыған қызы Изольда жайлы естігеніңіз бар ма? Ән махаббаты Шәмші тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты поэтикалық драмасы сахнада осы тұрғыда сыр шертіседі. Әуенге толы драма әсерге де толы. «Сыған серенадасы» – театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Оның өресі кең, құпиясы ашылмаған. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді.
 
Таразда жастар театры ашылды
 
 
Театр режисері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетованың айтуынша, болашақта махаббат пен достықтың қаншалықты құдіретті күш, ұлы сезім екенін ұғындыратын һәм жұртшылықтың көңіл төрінен орын алған классикалық қойылымдар сахналанбақ.
 
Таразда жастар театры ашылды
 
 
– Театр – бұл мәңгілік сезімге толы тұтас бір өмір. Махаббат пен өшпенділік, өмір мен өлім, сенім мен үміт. Студенттер үшін ол театр өнерінің сиқырлы күшіне жанасуға, түрлі кейіпкерлердің бейнесін сомдауға түсінуге жол ашады. Бұл театр қойылымдарын кәсіби мамандар емес, студенттер  қояды. Бұл – жастардың шығармашылығын шыңдауға үлкен сеп болмақ, – деді Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова.
 
Таразда жастар театры ашылды
 
 
Келген қонақтар қойылым соңынан үздіксіз, ұзақ уақыт қошемет көрсетіп, шапалақтан шашу шашты. Студенттердің өнерін тамашалауға келген Жамбыл облыс әкімдігі мәдениет басқармасы бастығы Дүйсен Бықыбаев, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжан және өзге де қонақтар қойылымның жастарға берер тәлім-тәрбиесінің қаншалықты зор екенін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.
 
Таразда жастар театры ашылды
 
 
Қазіргі уақытта театр студенттері «Айша бибі» атты тарихи қойылымға дайындалуда.
Категория: Театр
Просмотров: 402
Похожие новости:
Әли Оқапов Батырхан Шүкеновпен бір кездері бастаған ортақ жұмысы туралы айтты

Әли Оқапов Батырхан Шүкеновпен бір кездері бастаған ортақ жұмысы туралы айтты

Елімізге әйгілі әнші Әли Оқапов инстаграмдағы парақшасында тыңдармандарына жаңа бейнебаян әзірлеп жатқандығы туралы жазды.    ...
Қытайдан керуен келді күмбірлетіп … (фото)

Қытайдан керуен келді күмбірлетіп … (фото)

Қытайдан керуен келді күмбірлетіп … (фото)...
2016 жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі

2016 жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі

2016 жылы Шәмші Қалдаяқов туралы телевизиялық сериал түсіріледі...
Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)

Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)

Көрермендерге «Іңкәр жүрек» атты көпсериялы мелодрама ұсынып отыр (ФОТО)...
Голливуд продюсерлері Әміре Қашаубаевтың өмірі жайлы фильм түсіреді

Голливуд продюсерлері Әміре Қашаубаевтың өмірі жайлы фильм түсіреді

Голливуд продюсерлері Әміре Қашаубаевтың өмірі жайлы фильм түсіреді...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары