» » І. Есенберлиннің “Алмас қылыш” драмасы сахналанбақ

І. Есенберлиннің “Алмас қылыш” драмасы сахналанбақ

 І. Есенберлиннің “Алмас қылыш” драмасы  сахналанбақМ.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында І. Есенберлиннің 100 жылдығына орай "Алмас қылыш” тарихи драмасы алғаш рет сахналанбақ, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрнекті жазушы І.Есенберлиннің атақты «Алмас қылыш» романы желісімен қойылған спектакль Қазақ елінің іргетасы қалануын бейнелейді. XV ғасыр ортасы. Дешті-Қыпшақ даласы. Әбілхайыр хандығындағы толассыз қан төгіс соғыстар, ішкі қырқыстар мен аяусыз езгіден халық ауыр күйзелісте.  Ал, хан өз тағын сақтап қалу үшін қол астындағыларды бір-біріне айдап салып отырады.  Осындай алмағайып кезеңде Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақ руларының басын қосып бөлек ел болмаққа бекінеді. Моғолстан ханы Есенбұғамен келісімге келіп, азаттық аңсаған қазақ руларын бастап батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударады. Спектакль жеке өз алдына хандық құру жолында небір тар жол, тайғақ кешуден өтіп, ұлы тарих көшінен өзінің лайықты орнын алған халқымыздың рух мықтылығын паш етеді.
«Қойылымның режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алма Кәкішева, сахналық нұсқасының авторы – Әннәс Бағдат, қоюшы-суретшісі – Мұрат Сапаров, композиторы – Ш.Базаркулова», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Категория: Театр
Просмотров: 310
Похожие новости:
Қазақ тойларының сәнін келтіріп жүрген хит әндер

Қазақ тойларының сәнін келтіріп жүрген хит әндер

Тіпті той дегенде еске сап ете түсетін әншілер мен қазақтың хит әндерінің тізімі жасақталып қалды...
Тарихи жәдігерлер тағылымы

Тарихи жәдігерлер тағылымы

Тарихи жәдігерлер тағылымы...
Таразға байкерлерің мотошеруі келіп жетті (фото)

Таразға байкерлерің мотошеруі келіп жетті (фото)

Таразға байкерлерің мотошеруі келіп жетті (фото)...
Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр

Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр

Р.Әбдірашев «Қазақ елі» атты толық метражды фильм түсіруді жоспарлап отыр...
«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады

«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады

«Қазақ елі» фильмі наурыз айында көрерменге жол тартады ...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары