» » «Опера сахнасының королі» Пласидо Доминго келеді

«Опера сахнасының королі» Пласидо Доминго келеді

«Король оперной сцены» Пласидо Доминго едет в Казахстан
Ұлы опера әншісі әрі дирижер Пласидо Доминго негізін қалаған вокалшылардың дүние жүзіндегі ең беделді «Опералия» байқауы Қазақстанда алғаш рет өтеді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2017 жылдың 24 мен 29 шілдесі аралығында «Астана Опера» сахнасында жүретін Опера өнерінің дүниежүзілік конкурсы, жиырма бесінші рет ұйымдастырылмақ, - деп хабарлайды alashinform.kz.     
«Король оперной сцены» Пласидо Доминго едет в Казахстан
- «Астана Опера» театрының өнер ұжымы «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай, есте қаларлық керемет шаралар бағдарламасын әзірледі. Солардың қатарында «Опералия» да бар. Маэстро Домингоның әлемдік опера өнеріне қосқан үлесіне баға жетпейді. Мұндай деңгейдегі тұлғамен бірге жұмыс жасау – біз үшін үлкен мақтаныш, - дейді «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.  
«Опералия» байқауына 18 бен 32 жас аралығындағы кез келген әнші (бас даусынан бастап, сопраноға дейін) қатыса алады. Астанаға дүние жүзінің түкпір-түкпірінен 40 жуық дарынды вокалшылар келеді. Алдын-ала іріктеу электрондық өтініш бойынша 2016 жылдың желтоқсанынан бастап, 2017 жылдың ақпанына дейін жүреді. Байқау үш кезеңнен тұрады және маэстро Домингоның «Астана Опера» Симфониялық оркестріне жетекшілік етуімен өтетін жеңімпаздардың гала концертімен аяқталады. 
«Опера королі» және «қазіргі заманның көрнекті опера әртісі» атанып кеткен Пласидо Доминго, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас әншілерге үнемі ерекше көңіл бөледі, себебі өнер жолының бастауында кездесетін қиыншылықты талай өз басынан кешірді. 
«Король оперной сцены» Пласидо Доминго едет в Казахстан 
- «Опералиядағы» менің міндетім үздік дауыстарды іріктеп қана қоймай, болашақта нағыз әртіс шығуы мүмкін деген ерекше, мінезді, актерлық шеберлігі бар әншілердің талантын ашу. Осындай жастар нағыз жұлдызға айналады, - дейді маэстро Доминго.
Жалпы жүлде қоры 180 000 АҚШ долларын құрайды. Ерлер мен әйелдер даусы арасында 1, 2 және 3 сыйлық иелерін марапаттаумен қатар, жүлделер қатарында Р. Вагнер және Р. Штраустың репертуарынан операны үздік орындаған үшін Б. Нильсонның сыйлығы, үздік орындалған сарсуэлалар үшін (испандық опереттаға жақын сахналық-музыкалық жанр) Пепита Эмбил де Доминго мен үлкен Пласидо Домингоның сыйлығы және көрермен көзайымының жүлдесі және т.б. бар. 
«Опералияның» вице-президенті Альваро Доминго делегациясымен бірге елордалық театрда болды. Кіші Доминго мырза, «Астана Опера» театрында мұндай деңгейдегі байқауды өткізуге барлық жағдай жасалғанын атап өтті. 
«Король оперной сцены» Пласидо Доминго едет в Казахстан
- Астанада болған сапарымыздың нәтижесіне өте ризамын. Жаңа, қазіргі заманға сай театр ең соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған: мұндағы репетиция, гримдеу залдары, оркестр шұңқыры, сахна, бәрі керемет. Оркестр мен хордың жоғары деңгейі, сондай-ақ, әр қызметкердің жұмысқа деген оң көзқарасы жағымды әсер қалдырды. Театр басшылығымен өткен кездесу екі жаққа да тиімді болды. Бірлескен еңбегіміз жемісін беріп, алдағы айларда жүзеге асыратын «Опералияның» бұл шығарылымы, бұған дейінгілерінен де сәтті өтеді деп үміттенемін, - деп қорытындылады Альваро Доминго.
Алғаш рет әйгілі Гранд-опера сахнасында өткен конкурстың негізі 1993 жылы Парижде қаланғанын еске сала кетейік. Содан бері «Опералия» жыл сайын түрлі елдің ең әйгілі алаңдарында өткізіліп келеді. Олардың қатарында – аңызға айналған миландық Ла Скала, Лондондағы «Ковент-Гарден», Корольдік театр (Мадрид, Испания), Филармонико театры (Верона қ., Италия) және т.б. Өткен жылдары «Опералияда» жеңіске жетіп, асқақ өнерге жолдама алған әлемдік опера сахнасының бүгінгі жұлдыздары – Джойс Ди Донато, Роландо Виллазон, Эрвин Шротт, Соня Йончева, Нина Штемме, Хосе Кура, Джозеф Каллея, Инва Мула және басқалары. 
Пласидо Домингоның бүкіләлемдік опера әншілеріне арналған «Опералия» байқауын «Rolex» компаниясы ұсынады. 
Категория: Театр
Просмотров: 282
Похожие новости:
«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі

«Аманат» және «Құнанбай» фильмдері Болгарияда көрсетіледі

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Аманат» және «Құнанбай»  фильмдері  2017 жылдың қаңтар айының 12 мен 29 аралығында  Софияда (Болгария) өтетін 9-шы Халықаралық MENAR кинофестивалінің «Фокус» бағдарламасы аясында...
Бақтияр Адамжан Түркияда Бас жүлдені иеленді

Бақтияр Адамжан Түркияда Бас жүлдені иеленді

 Қазақстан балетінде жанып келе жатқан жарық жұлдыз, «Астана Опера» театрының жетекші солисті Бақтияр Адамжан Стамбулда (Түркия) өткен Балет әртістерінің V халықаралық конкурсында Бас жүлдені қанжығасына байлады....
Батыржан Смақовтың оралуы

Батыржан Смақовтың оралуы

20 шілде, Астана. Сирек кездесетін дауыс иесі – контратенор – Батыржан Смақов (Италия) «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін «Орфейдің оралуы» концертінде Орфейдің рөлін орындайды. Жұлдызы жанып келе жатқан әншімен бірге сахнаға...
Ерекше балет

Ерекше балет

2016 жыл, 2 шілде. Астана.Елорда күні және Халықаралық "Опералия-2016" фестивалінің аясындаТәуелсіздік сарайы алдындағы ашық алаңда «Астана Опера» театры Л.Минкустың керемет «Баядерка» балеттік спектаклін ұсынады. Мәдениет және спорт министрлігінің...
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекова 100 жаста (видео)

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекова 100 жаста (видео)

Қазақстанның халық артисі Хабиба Елебекова 100 жаста. Ғасыр жасаған тұлғаның мерейтойы халықаралық театр күніне орай, өзі 68 жыл бойы түрлі рөлдерді сомдаған әкемтеатр сахнасында атап өтілді....
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі
  • Мәдениет жаңалықтары